Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

E-mail:
Пароль:

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Мақалалар

Барлық пікірлер: 317
Көрсетілген материалдар: 1-10
Беттер: 1 2 3 ... 31 32 »

17.05.2012
Теміртаудағы  келелі  кеңесте  әңгімеге  арқау  болған  өзекті  мәселе – осы
Еліміздегі бірсалалы шағын қалалардың әлеуметтік әлеуеті әлсіреп, шамшырағы сөнбеуіне, қызығы кеміп, базары тарқамауына алаңдаған Үкімет үр жаңа бағдарламаның тұсауын кесті. Ма­ңыз­ды жоба моношаһарлардың келешекте тұрақты дамуын қам­тамасыз етпек.  Мамырдың 13-14 күндері Премьер-министрдің бі­рінші орынбасары Серік Ахметовтің төрағалығымен Теміртау қаласында өткен көшпелі семинар-кеңесте аталған мәселелерге орай ұсынылған кешенді жобалар, ұтымды ұсыныстар жан-жақты талқыланып, нақты міндеттер бекітілді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 17
17.05.2012
Кәкімбек Салықов ағамыз ре­дакциямен жиі хабарласады. Жөні бар. Облысымызда басшы қыз­меттер атқарған, өлеңдері «Ор­талық Қазақстанда» жиі жа­рия­ланады. Қысқасы – редакция­мызбен тығыз шығармашылық байланыста. Жақында Кәкімбек ағамыз қоғам қайраткері Фазыл Кәрібжанов туралы «Егемен Қазақстанда» жарияланған сұх­батты көшіріп басуды өтінді. Әсте буынсыз жерге пышақ ұр­майтын ағамыз Ф.Кәрібжановтың Қарағанды облыстық партия ко­митетінің екінші хатшысы, облатком төрағасы қызметтерін атқарғанын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Президиум Төрағасы бо­лып тұрғанда 48 жасында қай­тыс болғанын айтты.
 пікірлер: 0
 оқылған: 9
17.05.2012
Әуелден-ақ бас терісі келіспеген, атауының өзі қаймана қазақтың құлағына түрпідей тиген «Бесоба» тұрғын үй кешеніндегі үйлер апатты жағдайда тұр. 
Кешендегі бес үйдің бесеуін де тып-типыл қырып тас­тап, орнына талапқа сай жаңа үйлер салу қажет. Үкіметке аймақ басшылары осындай ұсыныс жасауға бел буып отыр. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте қала әкімі Бауыржан Әбдішев мәлімдеді.  
Шаһар әкімі қазіргі уақытта №7 үйдің бірінші блогы мен «Бес­о­ба» тұрғын үй кешеніндегі өзге де үйлер бойынша  сақтандыру шаралары жүр­гізілгенін айтты. Жұмыстар 3 кезеңді қамтиды. Сонымен бір­ге, сарапшылардың тексеру қоры­тындысы кешендегі №5,6 үйлерді де апатты деп таныған. 
 пікірлер: 0
 оқылған: 14
17.05.2012
Кеше облыстық әкімдікте Абай ауданы әкімінің орынбасары, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның төрағасы Махамбет Жаңабергенов об­лыстағы БАҚ өкіл­де­рімен кездесіп, ауданның Сарепта ауылдық округіндегі Қойбас аулындағы жағдай туралы айтып берді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 9
17.05.2012
16 мамыр күні аймақ басшысы Әбілғазы Құсайынов тау-кен өндіру, металлургия, көмір өнеркәсібі саласы құрал-жабдықтарының және технологиялардың «MinTech-2012» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.
 пікірлер: 0
 оқылған: 7
17.05.2012
Қазақ елінің іргесінің берік, шаңырағының биік болуы жолында жан аямай күрескен қайраткерлерді еске алғанда, есімі Жұмабай Шаяхметов, Жұмабек Тәшенов сынды саңлақтармен қатар аталатын бір тұлға бар. Ол – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Фазыл КӘРІБЖАНОВ. Жақында ғана қазақ баспасөзінің қарашаңырағы «Егемен Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары қызметіне тағайындалған танымал қаламгер, Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Жарасбай Сүлейменовтің есімі елімізге жақсы танымал азамат, мемлекет және қоғам қайраткері Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжановпен сұхбатында Фазыл Кәрімұлының өмір жолы, қызметі, қайраткерлік, адамгершілік қасиеттері, болмыс-бітімі жайлы әңгіме қозғалады.
 пікірлер: 0
 оқылған: 7
15.05.2012
Жұма күні облыс әкімі Әбілғазы Құсайынов үдемелі индустриалды-инновациялық даму бойынша үйлестіру кеңесінің кезекті отырысын өткізді. Үйлестіру кеңесі мүшелерінің назарына  Индустрияландыру картасына енгізу үшін екі жаңа жоба ұсынылды. Оның бірі – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ының жобасы. Ол –  көмір байыту фабрикасының құрылысы.  
 пікірлер: 0
 оқылған: 15
15.05.2012
Құрметті  жұмыс  берушілер, кә­­сіподақтар және  облыс  жұмыс­керлері!
Биылғы жылдың 28 наурызында  облыстық әкімдікте 2012-2014 жылдарға арналған  Қара­ғанды  облысы  әкімімен,  облыс  кәсіподақтары (жұмыскерлер) бір­лестіктерінің, кәсіпкерлер және жұмыс  берушілер қауымдастық­тарының  арасында  Келісімге қол қойылды. Бұл келісімде  об­лыстық деңгейде жұмыскерлерге әлеуметтік  кепілдік  және әлеуметтік жауапкершілік, жұмыспен қамту, еңбек мәселелерін реттеу  жөнін­дегі  міндеттемелері қаралды. Ке­лісім 2012 жылғы 7 сәуірдегі «Орталық Қазақстан», 2012 жылғы 7 сәуірдегі «Индустриальная Караганда» газеттерінде жарияланды. Келісім жасауға қатыспаған барлық  жұмыскерлер бірлестіктеріне,  жұ­мыс берушілерге, жұмыскерлер бірлестіктеріне әрекет етуші облыстық үш  жақты  келісімге қосылуды ұсы­намыз. 
 пікірлер: 0
 оқылған: 12
15.05.2012
Көзі қарақты оқырман қауым­ға белгілі болар, Қарағандының «Болашақ» университеті Қа­зақ­стан Республикасының тәу­елсіздік алғанына 20 жыл то­луына орай, ұлт тарихына, ұр­пақ тағдырына ден қоятын көп­шілікке тамаша тарту жасап, «Қаздауысты Қазыбек би» тұлғалық энциклопедия­сын жарыққа шығарған еді. Ел азаттығының мерейтойы қар­саңында Астанада, республи­каның Академиялық кітапханасында аталған кітаптың тұ­саукесері өткені жайлы жаздық басылым бетінде.
 пікірлер: 0
 оқылған: 13
15.05.2012
Бұл – аталған кинотуынды көрсетілімге шығарылған алғашқы төрт күндегі табыс. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінің таратқан хабары осындай. Отандық киноиндустрия тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай дейді мамандар.
 пікірлер: 0
 оқылған: 14

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 26
count 88x31px