Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Басты бет » Жаңалықтар мұрағаты
Еңгізілген күні: 22.03.2012
Ұлыстың ұлық мейрамы. Жылдағы дәстүрмен биыл да қала орталығында қазандар асылып, ақшаңқан-боз үйлер бой көтермек. Замана ағысымен ұлттық мерекелер мен кейбір туристік бағдарлардың басты нышанына айналып, ең ақыр аяғы қымызханалардың қажетіне жарап жүрген киіз үйдің бар сән-салтанатымен танысатын сәттің бірі – осы кез. Алайда, бұл үйлердің сипаты сын көтере ме? "Бабалардың баспанасы болған киіз үй – осы” деп жас ұрпаққа ұялмай көрсете аламыз ба осы үйлерді? Әй, қайдам…
 пікірлер: 0
 оқылған: 1607
Еңгізілген күні: 22.03.2012

Соңы.

Торғауыт жасағы, кейінгі торғауыт руының әуелгі ұйытқысы – керей Оң ханның торғауыт әскері екен. Бас­тапқы жасақтың, кейінгі рудың тізгіні барлық уа­қытта да керей әмірінде болған. Торғауыт руы – керей, бұлар ежелгі түрік деп атап көрсетеді ескілікті қытай деректері. Бұл керейдің нояндары түп атасын Оң ханның тіке өзіне апарып тірейді. Мәселен, XVII ғасырдың бас кезінде Жоңғардағы торғауыттың жой­қын көшін бастап, Еділ–Жайыққа ат басын тіреген, батыстағы Қалмақ хандығының негізін салған атақты Хо-Өрлік Оң ханның тоғызыншы ұрпағы екен. Қалың еліне ермей, Көке-нор, Ішкі Моңғол аймақтарында қалған бөлек-бөлшек торғауыт табын билеген басқа бек, тайшылардың да арғы бабасы сол баяғы Оң хан болып шығады. Қытай деректері дәп солай куәландырған. Таратып айтқанда, моңғол-торғауыт шежіресі бойынша, Оң ханның бір ұлы – Арсалаң.

 пікірлер: 0
 оқылған: 3658
Еңгізілген күні: 22.03.2012
Жылдар жылжып өтсе де, кәрілік ентелеп жетсе де, өмір өткелдерінің қиындықтарын басынан кешкен, сонда да тағдырдың тауқыметіне мойымаған, екі ғасырдың куәсі боп отырған көпті көрген әже – Ақтоғай аулында тұрады. Наурыз мейірімге толы, кешірім жасайтын, бата алатын ұлық күн. «Батаменен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер». Олай болса, көңілі дария, көнекөз қария 106 жастағы Бикен Жакишева әжеміздің ұлық мерекеміз – Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ақ батасын сұрадық...
 пікірлер: 0
 оқылған: 2207
Еңгізілген күні: 22.03.2012
Наурыз – Жаңа жылдың бі­рінші күні деген мағынаға ие. Парсының «ноу» – жаңа, «руз» – күн сөз­дерінен ту­ын­датып жүр­гені рас. Алай­да, Нау­рыздың аса ежел­гі ме­ре­ке еке­ні, Наурыз мере­кесінің тео-мифологиялық мәнінің әуелгі та­рихы тереңде жатыр. «Руз» сө­зінің өзі «ырыздық» таратылатын «жаңа күн, соны сәт» ұғымы ретінде «ырыс» сөзінен туындауы да шүбә келтірмейді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1273
« 1 2 3 4 5 6

Күнтізбе

«  Шілде 2018  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1240
count 88x31px