Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 21.01.2018

Қайырымдылық – қоғам мүддесі
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»


Жақында «Ақ бота» даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі ҚР Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысының қоры тарапынан қолдау тапқан «Қайырымдылық жолы» жобасы аясында «Ағаш отырғыз және достар тап!» атты акция өткізді.

Жанарына мұң тұнған бала­лардың жанын жадыратып, өздерімен тұстас замандастарымен тығыз қарым-қатынас орнатуын және қоғамдық кедергілерді жоюды басты мұраты тұтқан іс-шараға жас буынның аталған санаттағы өкілдері, ұстаздар мен студенттер қауымы қатысты. Балалар студенттермен бірге 20 түп ағаш көшеттерін отырғызды. Осы ретте, Қарағанды политехникалық колледжі студенттерінің қо­ғамдық бірлестік тарапынан ұйымдастырылатын алуан түрлі акциялар мен шараларға зор ықыласпен қатысатынын айта кеткен жөн. Олар соңғы екі жыл көлемінде мүмкіндігі шектеулі балаларды өз қамқорлықтарына алып, компьютерді меңгеруіне, өздерінің бойларындағы таланты мен қабілетін ашып, дамыта түсуіне көмек қолын созып келеді.
Іс-шара барысында студенттер жаңалыққа құштар балаларға колледж өмірі, ондағы оқу үдерісі, таңдап алған кәсіптері мен оның қоғамдағы маңызы туралы әңгімелеп, мамандыққа машықтанудың әдіс-тәсілдерін тәжірибе тұрғысында көрсетті.
– Ізгі ниетті шараның басты мақсаты – мүгедек балалардың басындағы күрделі мәселелерге жалпы қоғамның назарын аудару, төзімділік пен тағаттылық ұғымдарының астарын ашып көрсету. Бұл акция мүмкіндігі шектеулі жас мүшелерін ұжым­дық сипаттағы еңбекке бейім­деуге, экологиялық таным-түйсігін қалыптастыруға дәне­керлік етері анық. Ең бастысы, сол арқылы олардың өз тұстастарымен біріге әрекет етуге ынтасы арта түсті, – дейді «Ақ бота» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрайымы Сәуле Алшынбаева.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 438
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

«  Қазан 2015  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px