Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 18.01.2018

Шарада ана тіліміздің қадір қасиеті жөнінде түрлі пікірлер ортаға салынды. Бауыржан Момышұлы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген екен. Шынында да, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз – тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік. Жалпы өткен ғасырда өзінің есімін қазақ тілінің тағдырымен байланыстырған екі адам болса, соның біріншісі Ахмет Байтұрсынұлы, екіншісі Бауыржан Момышұлы десек, ақиқаттан алысқа ұзай қоймаған болар едік.

«Қарағанды облысының Әлия Молдағұлова атындағы спортқа бейімді, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының» оқушылары викториналық сұрақтарға белсене жауап берді.

Сонымен қатар, «Шындығым шыным – өзімнің тілім!» атты кітап сөресі ұйымдастырылып, кітапхана қызметкері Г. Әрінова библиографиялық шолу жасады.

 

Г. ЖАҚЫПОВА

Ж. Бектұров атындағы облыстық

жасөспірімдер

кітапханасының бас маманы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 358
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

«  Қаңтар 2016  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1206
count 88x31px