Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

• Ой-тамызық

Мағауия СЕМБАЙ,
«Орталық Қазақстан»

Аударма
Қала, аудан әкімдерінің өздері мақала жазып, көрінгендері сирек. Солардың бірі ойда жоқта орысша афоризмдер жолдапты. Қолымнан келгенше, тілім жеткенше аудардым. Орысшасын қоса беріп отырмын.

 «Сегодня люди намного дешевле, чем их одежда».
Аудармасы: «Бүгінгі адам­дардың өзінен киім­дері қымбат»

*** 
«Мы обижаемся, ссоримся и злимся лишь на тех, кого так боимся потерять»
Аудармасы: «Біз реңі­мізді бұзып ренжиміз, та­лағымыз тарс айы­рылғандай ұрыс-керіске барамыз, кейиміз. Кімге? Ең жақын адамымызға. Бірақ, одан айырылуға қорқамыз.

*** 
«Чем добрее душа – тем сложнее судьба».
Аудармасы: «Жаның жайсаң болған сайын  –тағдырың қиын».

***  
«Каждому человеку, которому ты даришь свое Доверие, ты даешь в руки нож. Им он может тебя защитить или уничтожить».
Аудармасы: «Сеніміңді сеніп берген кісіңе қанжар бердің дей бер. Ол – сені  жаудан әлде қорғайды, әлде сенің өзіңді сол қанжармен жарып тас­тайды. 

*** 
«Прощайте своих врагов, но не забывайте их имена».
Аудармасы: «Жаула­рың­ды кешіре біл, бірақ, жа­дыңнан шығарма».

*** 
«Дворцы не могут быть в безопасности там, где несчастливы хижины». (Б.Дизраэли). 
Аудармасы: «Лашық­тар бақытсыз күн кешіп жатқанда, сарайлар қа­уіп­сіз салтанат құра алмайды». (Б.Дизраэли).

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 995
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

«  Қаңтар 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px