Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 19.11.2018

«ХХI ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры болады» деп Елбасымыз айтқандай, қоғамымыз, жастарымыз заман талабына сай жаңа ақпараттық технологиямен жұмыс жасауға бет бұрып келеді. Өкінішке орай, кітап пен кітапхана жұмыстарының сырт қалып қойып жатқаны белгілі. Жастарымыз кітап пен кітапхананы жаңа заманның ақпараттық технологияларымен айырбастап жібергені анық.

Белгілі жазушы Ғабит Мүсірепов: «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік » деген еді. Ал, ұлы ойшыл Шекспир «Кітап – маған тақтан да қымбат» деп кітаптың құдіретіне табынды. Міне, осы асыл қазынаны оқуға құштарлық қазіргі таңда төмендеп отыр.

Бүгінгі жедел ақпарат тасқынының тасасында қалып бара жатқан кітап әлемін қайта жандандыру – кітапханашыларға үлкен міндет жүктейді. Кітапхана оқырмандарға сапалы қызмет көрсетіп, мәдени іс-шаралар ұйымдастырып, оқырмандарды тартуда игі шаралар жүргізуде. Әсіресе, танымдық шаралар оқырманның ой-өрісін кеңейтуге септігін тигізері сөзсіз. Мысалы, «Мен оқыған қызық кітап», «Кітап ақыл ойдың – қазынасы» және кітапханаға саяхат жұмыстарын жүргізу шаралары кітапхана мен оқырман арасын байланыстыра түседі.

Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің сөзімен айтқанда «Әр адамның өмірлік досы». Ендеше, кітапты рухани қару еткен жаңа әлемдегі, жаңа еліміздегі озық та білімді өкілі болайық!

 

М.ТӨЛЕТАЕВА,

Н.Гоголь атындағы

облыстық әмбебап

ғылыми кітапханасының кітапханашысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 498
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

«  Қаңтар 2016  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1261
count 88x31px