Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 19.11.2018

Солардың бірі – Қарағанды қаласы ІІБ Михайлов полиция бөлімі кезекші бөлімшесінің жедел кезекшісі қызметін абыроймен атқарып келе жатқан полиция капитаны Алексей Александрович. Алексей Романовпен ұзақ жылдар таныс болмасам да, аз уақыт ішінде ол кісінің өз міндетін мінсіз атқаратынына көзім жетті. Әсіресе, біз Алексей Романовты қазақ тілінің жанашыры ретінде аса жоғары бағалаймыз. Себебі, ол кісі қазақ тілін өзінің орыс тілінен артық білмесе, кем білмейді. Ішкі істер саласындағы қазақ тілін құрметтейтін қызметкердің бірі де бірегейі. Себебі, еліміздегі өзге ұлт өкілінің мемлекеттік тілді білуі қазақ халқына деген құрметі деп есептеймін. Ал, елдің патриоты болу, нағыз азаматы болу үшін, мемлекеттік тілді - қазақ тілін білуден басталатынын бәріміз жадымызда ұстауымыз шарт.

Міне, біздің бүгінгі кейіпкеріміз Алексей Романов та қазақ жерінде өсіп-өніп, тәлім-тәрбие алған. Қазақ еліне деген құрметінің арқасында бүгінде қазақтың тілін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін қадірлейтін азаматтардың қатарында жүр. Ұлты орыс болса да, тілі қазақ. Екі сөздің басын құрай алмай жүрген кейбір қандастарға қарағанда, Алексей Александрович қазақша сөйлесуге дайын тұрады. Өзге ұлт өкілінің ана тілімізде сөйлегеніне қалай ғана сүйсінбейсің! Алексей Романов секілді ішкі істер саласы қызметкерлерінің қазақ тілінде сөйлегендерін көргенде ерекше бір мақтаныш, марқаю сияқты сезім пайда болатындай. Себебі, қазақ тілінің көкжиегін кеңейтіп, мәртебесін асқақтатуда бір адамның болса да қосқан үлесі бар.

Ол ішкі істер саласында 1996 жылдан бастап қажырлы еңбек етіп келеді. Атқарып жүрген лауазымында 2012 жылдан бастап қызмет етуде. 19 жылға жуық өнегелі өмірін ішкі істер саласына арнап, осынау қиыны мен қызығы қатар жүретін қызмет ортасында жемісті еңбек етіп келе жатыр. Әрине, он тоғыз жыл аз уақыт емес. Осы уақыт аралығында Алексей Александрович біліктілігін көрсетіп, бүгінде тәжірибелі қызметкердің бірі. Еңбекқор Алексей қызметімен қоса, білімін толықтыру мақсатында, Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетіне оқуға түсіп, 2008 жылы заңгер мамандығын алып шығады. Ішкі істер органында қызмет өткеру кезінде өзін кәсіби маман екенін, қызметіне адал қарайтын қызметкер ретінде жақсы жағынан көрсете білген. Өз ортасында сыйлы, әріптестері арасында абыройлы.

Полициядағы әрбір қызметтің өзіндік қиындығы болады. Кезекшілік атқару да - аса жауапкершілік пен тиянақтылықты қажет ететін маңызды қызметтің бірі. Сондықтан, Алексей Романов қызметтік міндетін орындау барысында кәсіби шеберлік танытып, сонымен қатар, қылмыспен күресу және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Қызметтік міндетіне аса жауапкершілікпен қарағанның арқасында, кейіпкеріміз талай қылмыстың ашылуына өз үлесін қосып жүр. Сондықтан, Михайлов полиция бөлімі кезекші бөлімшесінің жедел кезекшісі, полиция капитаны Алексей Александровичке қызметте тек табыс тілейміз! Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеретін осындай адал азаматтар көбейе берсін!

Нұргүл РАХИМБЕКОВА,

Қарағанды қаласы ІІБ Михайлов ПБ МТАТ

инспекторы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 580
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

«  Қаңтар 2016  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1261
count 88x31px