Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық жобасы
Қазақстан  Президентінің  жарқын  бастамасына  – 20  жыл  толды
Наурыз айында «Нұрсұлтан Назар­баев­тың жүзеге асқан Еуразиялық жобасы. Еуразиялық жобаның 20 жылдығына. 1994-2014» кітабы жарық көрді. Бұл – «Мем­лекеттердің Еуразиялық Одағын құру туралы жобаның (МЕО)» іске асырылуы құжаттамалық негізде жан-жақты қарас­ты­рылған алғашқы кітап.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл жобаны осыдан тура 20 жыл бұрын – 1994 жылдың нау­рыз айында Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде кеңестік дәу­ір­ден кейінгі елдер «идеологиясының өр­кениетті ыдырауының» орнын басатын фи­ло­софиялық идея әрі әрекеттердің бас­шылыққа алынар әдістемесі ретінде ұсынды. Нәтижесінде, дәл осы идеядан тиімді еу­разиялық интеграциялық құрылымдар туындады. Соның арқасында, Еуразиялық эко­номикалық одақ құру мүмкіндігі бүгінгі күннің шынайы шындығына айналды.
Кітап авторы – белгілі қазақстандық саясаткер және дипломат, ЕурАзЭС-тің Бас хатшысы Тайыр Мансұров  Еуразиялық жобаның  кеңестік дәуірден кейінгі елдердің алдынан ашылатын жаңа мүмкіндіктер мен келісті келешегіне әсер етер тиімді экономикалық және әлеуметтік дамуының шешуші құралы ретіндегі тарихи ролін жүйелі түрде таратып көрсетеді.       
Еуразиялану теориясының негізін қа­лаушылар (Г.Флоровский, Н.Трубец­кой, Г.Вернадский, С.Соловьев, Л.Гу­милев) еу­разиялық кеңістіктің қоғамдасуын таби­ғаттың өзі айқындаған, оның тарихи дамуы табиғи-географиялық және әлеу­меттік-мәдени факторлардың өзара тығыз қарым-қатынаста болуына негізделеді деген ұстанымда болған. Олардың кесімді пікірінше, еуразия халықтары – бәсекелестер емес, одақтастар.
Назарбаевтың пайымында, МЕО – бұл әрқайсысының ұлттық-мемлекеттік мүд­де­лері жүзеге асырылатын және барлық жиынтық қуаты пайдаланылатын тең құқылы тәуелсіз мемлекеттердің одағы. МЕО-ға бірігудің негізі – экономикалық байланыс­тар. МЕО моделін құрудың басым сипатты принциптері – интеграцияға жетудің прагматикалық жолдары, экономикалық тиімділік пен ұтымдылық және мемлекет­тердің ымыраласу еріктілігі. Өзара әрекет етудің басты бағыттары: экономика, сауда, ғылым, мәдениет, білім беру, экология.  Жоба бойынша, Еуроодақтың үлгісімен ұлттық органдардан жоғары тұратын басқару тетігін құру көзделді.
Өзінің интеграциялық идеяларының тиімділігіне Владимир Путин, Александр Лукашенко және кеңестік дәуірден кейінгі өзге де елдер басшыларының көзін жеткізген Қазақстан Көшбасшысы үшін еуразиялық интеграцияны ілгері бастыру – өмірдің маңызды ісіне айналды. Мүдделес мемлекеттер басшыларының белсенді араласуымен еуразиялық жоба жүзеге асуда және дами түсуде.
Кітапта Беларус, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мемлекеттері бас­шыларының 2000 жылдың 10 қазанында халықаралық ұйым – ЕурАзЭС-ті құруы қазіргі заманғы еуразиялық интеграция үшін шынайы мағынада тағдыршешті кезең бол­ғаны аталып өтіледі. Айқын міндет­темелік құрылымы, тиімді жұмыс тетіктері бар ұй­ымның бағдарлы межесі – Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық кеңістікті құру, әлемдік сауда-экономикалық жүйе интеграциясына қол жеткізу.
ЕурАзЭС-тің кеңестік дәуір кезеңінен кейінгі кеңістіктегі басқа аймақтық бірлес­тіктерден айырмашылығы – алға қойылған міндеттердің жүйелі түрде, қысқа мерзімде (әсіресе, тарихи өлшеммен алғанда) еш бұлжымастан жүзеге асырылуында. Ай­та­лық, ЕурАзЭС аясында 2010 жылдан бері үш елдің Кеден одағы қызмет атқа­ра­ды, 2012 жылдан бастап, 2015 жылы толыққанды жұмыс ырғағына көшетін Еуразия экономикалық кеңістігі құрылу үстінде. Табиғи, экономикалық, ғылыми және адами қуат-күш жиынтығы барынша толық және тиімді пайдаланылуы межеленген Еу­ра­зиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге биылғы жылы қол қою және ратификациялау жоспарланып отыр.
Бизнес пен тұрғындар үшін Кеден ода­ғы мен Еуразиялық экономикалық кеңіс­тік өздігінен маңызға ие емес, маңызды­сы – біртұтас нарық құруға байланыс­ты заң­намалар мен сауда-өнеркәсіп үде­ріс­теріне енгізілетін өзгерістер. Бұл жағдайда, кәсіпорындардың іскерлік белсенділігі артады, мемлекетаралық өнеркәсіп және сауда бірлестіктері мен бірлескен кәсіпорындар құрылады. Үш елдің жалпы нарығы өзара және шетелдік инвестиция үшін бұрынғыдан да тартымды бола түседі. Кәсіпкерлер экономиканың дамуын жеделдететін және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін қосымша ресурстарға ие болады. Сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық кеңістік құрамындағы елдердің аса көлемді тасымалдау қуаты анағұрлым тиімді пай­даланылмақшы.
Азаматтар үшін көлік-шекаралық қа­тынастар айтарлықтай жеңілдейді.  Олар шекарадан кеден рәсімдерінсіз өтеді және өздерінің күш-қуаты мен жұмысқа икемділігін жалпы еңбек нарығында қолдана алады. Осы ретте, еңбек мигранттары заңнамалық тұрғыда қорғалатынын, өздеріне, сонымен қатар, олардың отбасы мүшелеріне міндетті медициналық және білім беру қызметтері қолжетімді болатынын айта кеткен жөн.
Кеден одағы мен Еуразия экономикалық кеңістігінің басты ұстанымы – қатысушы елдердің әлеуетін біріктіру арқылы синер­гетикалық интеграциялық пайдаға қол жеткізу. Он жыл бірлесе әрекет еткенде, олар­дың әрқайсысы ішкі өнім өндірудің 17-20%  өсіміне ие бола алады, қаржылай есеппен алғанда, бұл – 700 млрд. доллар шамасында.
Болашақта Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық кеңістікке кеңестік дәуір кезеңінен кейінгі өзге елдер де қосылуды жос­парлауда. Бұл, тиісінше, олардың өз дамуындағы қарышты қадам жасауына және тұрғындарының тұрмыс деңгейін көтеруіне берілген мүмкіндік іспетті. Армения мен Қырғызстан қазірдің өзінде Кеден одағы мен Еуразиялық экономикалық кеңістікке кіру мақсатында жұмыстар жүргізуде, сондай-ақ, Тәжікстан да қызығушылық танытып отыр.          

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2072
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

«  Мамыр 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px