Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

«Жазғы оқу қаласы»      жұмысын бастады
Мирас АСАН,
«Орталық Қазақстан»

Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап кітапханасы қала жұрт­шы­лығына арнап дәстүрлі «Жазғы оқу қа­ласы» жобасының жұмысын бастады. Жуырда белгілі жазушы, пәлсафашы Д.Амантай өзінің фейсбуктегі парақшасына «Оқырман өлді» деп жазды. Ол сөзде жан бар. Кітап оқуға деген қоғамның қызығушылығын арттыру, жастар мен ересектер қауымын кітап оқуға тарту мақсатында өткізіліп отырған игі шараның болашаққа берері мол.
Кез келген адам жазғы оқу залының оқыр­маны бола алады.
Жазғы оқу залы 1 қыркүйекке дейін екі рет – сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 11.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істемек.
Шараның ашылу барысында түрлі бай­қаулар, викториналар, әдеби ойындар ұйым­дастырылды.
Құттықтау сөз сөйлеген кітап­хананың директоры Дина Базарбай­қызы:
– Жазғы оқу залын ашу арқылы оқыр­мандарды тартуға, мәдени-демалу мекеме­сі ретінде кітапхана беделін нығайтуға күш біріктіреміз. Кітап оқымайтын және аз оқи­тын азаматтардың әдебиетке деген қызығу­шылығын оятуға қол жеткізе аламыз деген сенімдеміз, – деді.
Оқырмандар үшін оқуды қолдауға арнал­ған викториналар мен әртүрлі акциялар өткізіліп отырады.
Барлығыңызды табиғат аясында әлемдік көркем әдебиеттердің үздік үлгілерімен сусындауға, беделді тұлғалардың өмірімен танысып, әртүрлі талғамдағы кең танылған ғылыми журналдарды оқуға мүмкіндік беретін «Жазғы оқу қаласына» шақырамыз.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 666
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

«  Маусым 2015  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px