Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019
Жеңіс туы, желбіре!
Ұлытау ауданындағы Байқоңыр селосында Ұлы Жеңістің 68 жылдығына орай іс-шаралар өткізілді. Мереке әр мекеме арасындағы «Толағай» спорттық ойынымен бастау алды. Жасыл алаңда өткізілген ойын өте тартысты да қызықты өтті.
Әр мекеме Отан үшін өмірлерін беруге даяр болған, тылда еңбек еткен ардагер әке-шешелерімізді құрметтеу мақсатында шерудің алдыңғы қатарында тыл ардагерлерін бір-бір жеңіл көлікпен бастап, Мәдениет үйінен «КамАЗ» автокөлігі безендіріліп, соғыс кезіндегі бір сәттік көрініс бейнеленді. Мектеп оқушылары велосипедпен, әскерилерше киініп, қолдарына жалаушалар алып, жүріп өтті.
Мәдениет үйінде қан майданда мерт болған ерлердің рухына құран бағышталып, 1 минут үнсіздік жарияланды. Ауыл әкімі Б.Абдраимов құттықтау сөзін айтып, сыйлықтар табыс етті. Мәдениет үйінің қызметкерлері шағын концерт ұйымдастырып, соғыс жылдардағы әндерді орындап, өнерлерін көрсетті. Кеш соңы мәңгілік алау жағылып, от шашуға ұласты.
Азамат МАЕКЕНОВ,
Байқоңыр селолық мәдениет үйінің әдіскері.
Ұлытау ауданы.
 Пікірлер: 0
 Оқылған: 1448
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

«  Мамыр 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px