Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 17.06.2019

«Жомарт екен күз деген»
Жуырда Көкпекті орта мектебінің «Еркетай» шағын орталығында «Жомарт екен күз деген» атты ертеңгілік өтті.
Ел ырзығын еселеген берекелі де ме­рекелі күз мезгілі барша адамзат баласына мол несібесімен бірге қызық-қуанышын ала келеді. Содан болар, сары алтындай сары күз мезгілін орталықтағы кішкентай бүлдіршіндеріміз ерекше  күтеді.
Балаларға шаттық сыйлаған мерекеге орай, шағын орталық іші көркем безендірілді.
Мерекелік бағдарлама «Күз» кейіпкерін қарсы алумен басталып, концертке ұласты. «Күзді»  сомдаған Гохнер Кира өз өнерін тамаша көрсете білді. Бүлдіршіндеріміз тақ­пақ айтып, ән шырқап, «Күз» вальсін, «Саңы­­рауқұлақтар», «Қолшатыр» билерін биледі. Балаларының өнерін көрген ата-аналардың төбелері көкке жеткендей болды. Мерекелік шара  соңында олар өздерінің ыстық ықыластарын жеткізіп, тәрбиешілерге ризашылықтарын білдірді.
Әр ата-ана өзінің баласын биіктен көргісі келеді. Шағын орталық қызметкерлері бұл тұрғыда өздерінің тәжірибелерін, білімдерін осы бүлдіршіндердің биік белестерді бағын­дыруына арнауда.
Б.КЕРВЕНОВА,
Көкпекті орта мектебі жанындағы «Еркетай» шағын орталығының тәрбиешісі.
БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 902
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

«  Қараша 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1287
count 88x31px