Болашақтың тұтқасы - Балбөбек - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Осыған орай, Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде көптеген іс-шаралар өткізілуде. Аймақтағы жалпы білім беретін орта мектептерден келген оқушылар ағылшын тілінен білімдерін жетілдірді. Сондай-ақ, роботты техниканың қыр-сырына үңілуге мүмкіндік алды. Биотехнологиялық зерттеулерін жасап, зымырандар құрастыру да осы оқушылар еншісінде. Бастысы, шәкірттердің мұндай зерттеулерге қызығушылығы басым.

Жазғы маусымда оқушылар сабын жасау технологиясымен де танысып, жасыл экономика саласы тақырыбындағы жобалармен айналысуға мүмкіндік алған. Сондай-ақ, дәрі-дәрмектің пайдасы мен зияны, медицина салаларындағы химияның алар орны жайлы да ақпараттармен танысқан. Олар тәжірибе барысында топырақ пен өсімдіктерге және жануарлар ағзаларына да зерттеу жұмыстарын жасап көріпті.

Мәселен, жазғы маусымның алғашқы он күндігіндегі топтық жұмыстар нәтижелі болған сыңайлы. Шәкірттер өздері құрастырған ракеталар моделі мен экоүйлерді және роботтарын мектепішілік көрмеге шығарды. Бұған қоса, инженерлік шеберліктерін байқатып, шағын машиналар да құрастырған.

Жас өнертапқыштардың бұл туындыларын көзбен көру үшін, Қарағандыдағы балалар үйінің 25 тәрбиеленушісі келген. Киевка кентіндегі №2 мектептің де бастауыш сыныбының екі оқушысы аталған мектепішілік көрмемен танысқан.

Келген қонақтар оқушылар жасаған ғажайып туындыларды қызыға тамашалап, ерекше әсермен тарқасты.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 764
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px