Қиялымдағы мектеп - Балбөбек - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Қиялымдағы мектеп
Бір күні ұстазым «Қиялыңдағы мектеп қандай?» деген тақырыпта шығарма жазуға тапсырма берді. Тапсырма жайлы көп ойланып, білім алып жатқан мектебім қиялыма келіп орнады.
...Қазақтың кең сахара даласында сәулелі күн шапағатымен астасқан 12 қанат қазақтың ақ ордасы бой көтеріп тұр. Маңдайшада «Қазақ білім ордасы» деген жазу. Шаңырақ болса – әдемі қиюласып, түйісіп екі таяқшамен бекітілген. Бірінде «ата-ана», екіншісінде «ұстаз» деген жазулар бар. Мектеп шаңырағын ұстап тұрған осылар екенін ұқтым. Шаңырақтан төгілген үш шашақты – үш тұғырлы тіл деп түсіндім. Ал, шаңыраққа шаншылған сансыз уықтар – білімді, тәрбиелі, талантты шәкірттер, біздер болармыз. Үйдің 12 керегесі –12 жылдық білім, 12 сынып деп жорыдым.  Ал, үйдің есігі – болашағымның ақ жолы, екі босаға – сапалы білім мен саналы тәрбие екенін ұқтым.
Қуанып ояндым. Анашым: «Мектепке Бименде Амалбековтің атын беріпті. Сүйінші!» – деді. Түсімде көрген қиялымның шындыққа айналғанына сене алар емеспін.
Мәди  ПАЗЫЛ,
Б.Амалбеков атындағы мектептің 5-сынып оқушысы.
ЖАҢААРҚА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 342
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px