Ізгіліктің нұрын сепкен - Балбөбек - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Балалықтың бал дәурені жаз шуағындағы қызықтарға толы. Түрлі ауладағы ойындар, қызықты мерекелер де аз емес. Осындай жазғы ойын-сауықтың бірі – «Су патшалығы – Нептун күні» Шашубай кенті «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ «Балдырған» балабақшасында ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – балаларды салауатты өмір салтын ұстануға баулып, су – тіршілік көзі екендігін ұғындыра отырып, шыдамдылық пен төзімділікке жаттықтыру.

Бұл мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен есте қалар қызықты сәттер сыйлады. Су патшалығының қазынасын іздеген балалар су патшасы – Нептун мен су перісімен танысып, қызықты ойындар ойнады.

Қазынаны тартып алмақшы болған екі қарақшының да тілін тапқан балалар, басты қазына – алтын, ақша, байлықта емес, басты қазына тіршіліктің көзі – суда екендігін насихаттады.

Су – тіршілік, сусыз өмір болмайды,

Ауаны құм, жерді түнек торлайды.

Бағалай біл байлығыңды, ел-жұртым,

Сонда гүлің жайнап, мәңгі солмайды, –

деген Нептунның сөздерінен кейін балалар да суды бағалауға уәде берді.

Тағылымы мен тәрбиесі мол мұндай іс-шаралар – балаларды тиімді әлеуметтендірудің негізі. Ұл-қыздардың ішкі жан дүниесіне ізгіліктің нұрын себеді.

Зәмзәгүл ҚОЖАШЕВА,

Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2392
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px