Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 11.12.2017

Көкпекті орта мектебі жанынан ашылған «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің жұмысы бүгінде қыза түскен. Таңертеңмен жарыса келген балалардың қуанышты күлкісі мен былдырлаған бал тілі лагерь көркін келтіруде. Мұндағы шаралардың барлығы «Қазақстан балалары – нұрлы болашақ!» атты бүкілқазақстандық акциясы аясында ұйымдастырылуда. «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны барысында отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді нығайту, ата-ананың жауапкершілігін арттыру бағытында жұмыстар жасалды. Сонымен қатар, күнделікті қызықты іс-шаралар, тақырыптық кештер, көңіл көтеретін ойындар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Сауықтыру лагерінің екінші кезеңі де қызықты сәттерге толы боларына сеніміміз мол.

С.ЖҰМАДІЛДӘ,

Көкпекті орта мектебінің мұғалімі.

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 8687
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1199
count 88x31px