|
Материалдар категориясында: 754 Көрсетілген материалдар: 741-750 |
Беттер: « 1 2 ... 73 74 75 76 » |
Дұрыстау:
Күнге қарай ·
Тақырыпқа сай ·
Рейтингқа сай ·
Пікірлерге сай ·
Оқылғанға сай

Мектебің – мынау, класың, Осында он жыл тұрасың. Тарыдай болып кіресің, Таудай болып шығасың, - деп Мұқағали ағамыз жырлағандай, Қарқаралы ауданы, Ынталы аулының №3 орта мектебін бітіргенімізге биыл бес жылдың жүзі болыпты. Мектебіміздің табалдырығын алғаш аттағанда алдымыздан құшақ жайып қарсы алып, бастауыш сыныпта жетекшіміз болған Рима Әкішева қолымызға алғаш қалам ұстатқан еді. Ұстазымыз әлі күнге дейін білім саласында қызмет жасап, шәкірттеріне білім беруден жалықпаған ұстаз. Ал жоғары сыныпта жетекшіміз болған Жанара Әлиева екінші анамыздай десем де болады. Сыныпты сол жылы он төрт түлек бітірдік, Аллаға шүкір, он төртіміз де бір-бір мамандық иесі болып отырмыз. Біріміз экономист-бухгалтер болсақ, бірі журналист, биолог, дәрігер дегендей әр саладамыз! Бұл, біріншіден, ата-анамыздың еңбегі болса, екінші ұстаздарымыздың еңбегі. «Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаздарымызға үлкен алғысымызды айтудан жалықпаймыз.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1947
Түркия елінің делегациясы мұны тағы бір паш еткендей Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына Түрік ұлттық полиция академиясынан делегация келді. Мақсат – халықаралық байланыстарды дамыту, тәжірибе алмасу, ынтымақ пен бірліктің жолын салу, кәсібилік пен құқықтық мәдениетті жандандыру. Осы орайда, екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытып, одан әрі жалғастыруды көздейтін меморандумға қол қойылды.
 пікірлер: 0
 оқылған: 638
Жастар саясаты жанданып келеді. Оның етек жайып, дамуы үшін бірқатар жұмыстар жасалып, шаралар атқарылып жатыр. Студенттердің «Қазіргі заман жастар көзімен» аталатын ғылыми-практикалық конференциясын сол шаралардың қатарына жатқызуға әбден болады. Шараның өтуіне мұрындық болған Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі. Конференция «Достар Әлем» қонақ үй кешенінде ұйымдастырылды.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1056
Таяуда Алматыда, Абай атындағы Ұлттық педагогика университетінің дискуссиялық клубында «Жоғары оқу орындарында ұлттық тәрбие беру мәселелері» тақырыбында кезекті мәжіліс өтті. Әдеттегі жиындардан бұның бір ерекшелігі – мәжіліске еліміздің түпкір-түпкірінен ұлт болашағы үшін жұмыс істеп жүрген ғалымдар мен зерттеушілер шақырылған екен.
 пікірлер: 0
 оқылған: 718
Көне Элла заманынан бастау алған Дельфий ойындарын өз жерімізде өткізу игі дәстүрге айналғалы нешінші жыл. Тәуелсіз Қазақ елінің дарынды балаларын шыңдап, олардың әлем сахнасында өнер көрсетулеріне бірден-бір себепкер осы – Дельфий ойындары. Жас таланттардың асыға күтетін, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсете алатын өнер сайысы Қарағанды қаласы басшылығының қолдауымен өтті.
 пікірлер: 0
 оқылған: 856
«Алаш» деп атқа қонған аптал азаматтарымыздың еңбегін бүгінгі ұрпаққа паш ету – бойында қазақтың қаны бар әрбір азаматқа парыз. Ол, біріншіден, ұлттық идеология үшін, ұрпақтың тәрбиесі үшін керек. Осы мақсатта Жамбыл Жабаев атындағы облыстық №7 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында жылда конференция өткізіліп тұрады. Биыл да жылдағы дәстүрден жаңылмай, Қарағанды облыстық білім басқармасы, «Сарыарқа-дарыны» ғылыми-практикалық орталығы, ҚарМУ-дың қазақ тілі және әдебиеті факультетінің бірлескен V облыстық «Алаш әдебиеті: тарих пен тағылым» деп аталатын ғылыми-практикалық конференция өткізді.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1242
Бүгінгі
таңдағы мемлекеттің өзекті мәселелерінің
бірі Қазақстан Республикасының
азаматтарының патриоттық рухын
көтеру болып табылады. Елбасы Н.Назарбаев
жылдағы Жолдауында патриоттық тәрбиеге
көп көңіл бөледі.
 пікірлер: 0
 оқылған: 8130
Қазіргі
кезең Қазақстан Республикасынның
білім беру жүйесінің базистік теориялық
негіздерін, философиялық және
педагогикалық әдіснамасын кең көлемде
реформалаумен сипатталады. Жаңа кезең
білім беру мазмұнын түпкілікті өзгертуді,
жаңа білім беру технологияларын
қалыптастыруды қажет етеді. Бұл факторлар
педагогикалық мамандардың біліктілігін
арттыру жүйесінде оқытушының орны мен
рөлін жаңаша пайымдауды талап етіп
отыр. Бүгінгідей қарқыны күшті аламан
дәуірдегі оқытушының кәсіби тұрғыдан
дамуы – білім беру сапасын арттырудың
бірден бір кепілі екендігін халықаралық,
әрі ұлттық тәжірибелер айғақтай түседі.
 пікірлер: 0
 оқылған: 899
Зәуреш
апай немерелерін алдандырып отырып
ойға шомды. Жалпы, зейнеткерлікке
шыққалы оңашадағы серігі – ой. Ой
болғанда, сары уайым емес. Өткен өмірі
көз алдынан көлбеңдеп, тағылымды тағдырын
таразыға тартқысы келеді де тұрады.
Таразы басын қанағат басады, әйтеуір.
Рас, дариға дәурен дүбірі шынайы бақытқа
кімді оңай кенелте салды дейсің?! Бәрі
еңбекпен, талаппен, күреспен келеді
емес пе?! Бұл да ұмтылды, күресті,
еңбектенді. Ғұмырының қырық жылын
арнаған ұстаздық еңбегі абырой
биігіне бастады. Шәкірттерінің
құрметіне, Алланың берген ұл-қыздарының
бақытына кенелді. Пенде ғой, арманы
түгесілмеген шығар, бірақ, өткенге
өкпесі де, өкініші де жоқ. Ой таразының
басын өмірлік қазығы болған қанағаты
еркін еңсеріп барады... Екінің-бірін
үлде мен бүлдеге орай салмайтын тағдыр
сыйының талғамы зор екен, шіркін! Сый
да сындарлы сынақпен келеді ғой.
 пікірлер: 0
 оқылған: 959
Жақында
қалалық білім бөлімінің
ұйымдастыруымен қала оқушылары
арасында «Мен – азаматпын» байқауы
өтті. Қазыбек би ауданы мен Майқұдықтың
балалары екі күн бойы білімділіктерін
ортаға салып, зерттеу жұмыстарын
сарапшылар назарына ұсынды. Оқушылардың
зерттеу жұмысын жүргізу қабілеттерін
айқындау, мәдени және қоғамдық жұмыс
салаларына тарту, аймақтың әлеуметтік
маңызы бар мәселелерін зерттеуде
жасөспірімдердің пікірін тыңдау,
бастамаларын қолдау қашанда маңызды
екеніне ешкім дау айтпас. Осыны ескерген
ұйымдастырушылар аталмыш байқауды
дәстүрге айналдырып, осымен үшінші
рет өткізіп тұр. Әрі қатысуға ниет
білдіргендер қатары да жыл сайын артып
келеді екен.
 пікірлер: 0
 оқылған: 1196
|
|