Ана тілім – ардағым - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Жуырда Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейінде жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында «Ана тілі аруы» қалалық байқауы екінші рет өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – жастардың өнерге деген қабілеттерін дамытып, еліне, туған жеріне деген патриоттық сезімдерін арттыру.

Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдіскері Гүлзат Аймағанбетова ашқан байқау алты бағыт бойынша өтті. Яғни, қатысушылар «Мен қазақтың қызымын», «Ойлы болсаң, озып көр», «Өнерлі өрге жүзеді», «Бәйге», «Дәм-думан» және «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» бөлімдерінде өзара бақ сынасты.

Әрбір арудың жоғары деңгейде дайындалып келгені анық көрінді. Нәтижесінде, І орынды №25 мектептің 10 сынып оқушысы Аида Аружанова жеңіп алды. Байқаудың ІІ және ІІІ орындарының да иегерлері анықталды. Сондай-ақ, «Сән-салтанаты келіскен ару», «Көктем аруы», «Өнерлі ару» және «Биші ару» аталымдары да бірнеше мектепке табыс етілді.

Жеңімпаздар Қарағанды қаласы білім бөлімінің грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Күмісай БҮРКІТБАЕВА,

№33 мектеп-балабақша кешенінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 174
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px