ҚарМУ қара үзді - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Беделді рейтингілерге қатысу ЖОО-ға өзінің академиялық және ғылыми қызметінің тиімділігін анықтауға, білім беру бірлестігіндегі өзінің позициясын нақтылауға, білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Рейтингтегі ЖОО-ның және нақты бір мамандықтың позициясы талапкерлерді білім беру қызметі нарығына тиімді бейімделуге және білім алу үшін жоғары оқу орнын дұрыс таңдауға шақырады.

ЖОО-ның академиялық көрсеткіштері мен жетістіктерінің талдауы ЖОО-ның рейтинг көрсеткіштерін онлайн режим арқылы толтыру, сонымен қоса, сыртқы беделді қайнар көздерден ақпарат жинау арқылы да жүзеге асырылады. Негізгі көрсеткіштер халық­аралық және ұлттық аккредиттеудің болуы, «Алтын белгі» иегері атанған студенттердің, республикалық пәндік олимпиада жеңімпаздарының, «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грант иегері атанған оқытушылардың, мемлекеттік сыйлық және стипендия иегерлерінің саны арқылы анықталады. Өткен оқу жылындағы ЖОО білім алушылары мен оқытушыларының қол жеткізген барлық жетістіктері АРТА агенттігінің рейтингісінде есепке алынды. АРТА агенттігі рейтингісі объективті әрі сенімді. Ол талапкерлердің, олардың ата-аналарының, жалпы қоғамның сенімін арттырады.

2016 жылы АРТА агенттігінің рейтингісіне Қазақстанның 75 ЖОО қатысты. Олардың ғылыми және білім беру қызметі төрт негізгі критерий бойынша бағаланды. Академик Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ мамандықтарды дайындау бойынша, ЖОО оқытушыларының Бас рейтингісі бойынша осы жылы да Қазақстанның көшбасшы ЖОО-лары қатарына енді. ҚарМУ-дың бес ғалымы Республиканың ЖОО-лары арасында 3 нәтижені көрсетіп, елдің озық оқытушыларының қатарына кірді.

АРТА агенттігінің ұлттық рейтинг нәтижесіне сәйкес, Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ 60 білім беру бағдарламасының құндылығы бойынша жүлделі орындарға ие болды. «Білім» бағыты бойынша 2-орынға ие болып, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие», «Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі», «Дефектология», «Педагогика және психология», «Алғашқы әскери дайындық», «Бейнелеу өнері және сызу», «Дене мәдениеті және спорт», «Кәсіптік оқыту», «Құқық негіздері және экономика», «Шет тілі: екі шет тілі», «Басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Химия», «Физика», «Тарих» мамандықтарының бакалавр, магистратурасының рейтингінде жүлделі орындарды иеленді.

Ал, «Жаратылыстану ғылымдары» бағыты бойынша 3-орынды алып, «Механика», «Физика», «Химия», «Биология» мамандықтарының бакалавр, магистратура, докторантурасының рейтингінде жүлделі орындарды иеленді. «Әлеуметтік ғылымдар» бағыты бойынша 3-орынға жайғасып, «Әлеуметтану», «Саясаттану», «Психология», «Қоғаммен байланыс» мамандықтарының бакалавр және магистратура рейтингінде жүлделі орындарды иеленді.

«Қызмет көрсету» мен «Экономика және бизнес» бағытындағы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ мамандықтарының бакалавры мен магистратурасы бәсекеге қабілетті екендігін де дәлелдеді. «Әлеуметтік-мәдени сервис» – 1 орын, «Әлемдік экономика» мен «Мәдени-ойын-сауық қызметі» – 2 орын, «Маркетинг», «Бағалау», «Әлеуметтік қызмет» – 3 орын.

«Құқық» бағыты бойынша да 3-орынды иеленіп, «Құқықтану» мамандығының бакалавр және докторантурасы бойынша ұлттық рейтингте жүлделі орындарды алды.

АРТА агенттігінің ұлттық рейтингінде Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың табысты дамуындағы «Техникалық ғылымдар мен технология» мамандарын даярлау бағыты да жоғары бағаланды. Қазақстанның ЖОО-лары арасында «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мен «Мұнай химиясы» – 2 орын, «Аспап жасау» мен «Техникалық физика» мамандықтарын оқыту бойынша 3 орын алды.

ҚарМУ-дың ғалым-гуманитарларының Қазақстанның тарихы мен мәдениеті, қазақстандық патриотизм мен толеранттылығының құндылығы саласындағы зерттеулері мен насихаттауларындағы жетістіктері «Археология және этнология», «Тарих», «Философия» және «Мәдениеттану» бакалавр мен магистратура мамандықтарын даярлау бойынша рейтингілік позицияда жүлделі орындардан табыла білді.

ЖОО-ның рейтингісі – бұл өзіндік «сапа белгісі», оның академиялық мәртебесінің және заманауи қоғамның талаптарына сай екендігінің көрсеткіші.

 

Өз тілшімізден.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 369
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px