Ауданның абыройын асырды - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Жалпы, аудан бойынша 11 сынып аяқтайтын барлығы 279 оқушы болса, оның 194-і, яғни, 69,53%-ы ҰБТ-ға қатысты. 194 оқушының 165-і – қазақ тілінде, 29-ы орыс тілінде сынақ тапсырған. Қалған 85 оқушы мектеп бітіруге арналған қорытынды аттестаттауды емтихан түрінде тапсырды. Ұстаздардың еселі еңбегі, оқушылардың қажыр-қайратының арқасында аудан бойынша «Алтын белгіге» үміткер 10 оқушының 8-і үздік білімнің үлгісін көрсетті. Атап айтқанда, Балнұр Есенгелді – 119 балл, Ислам Сингатуллин – 117 балл, Айгерім Зекен – 116 балл, Тоғжан Төкен – 116 балл, Қанағат Манап – 111 балл, Мерей Мұқанов – 105 балл, Іңкәр Әлемқызы – 112 балл, Сәнім Инербаева – 113 балл жинап, биік белестен көрінді. Сондай-ақ, түлектері түгелдей дерлік аталмыш сынаққа қатысып, жоғары 100 пайыздық көрсеткішті еншілеген – Жарлыдағы №9, Ақжолдағы №12, Жаңатоғандағы №14, Қ.Аманжолов атындағы ауылдағы №19, Айнабұлақтағы №31, Қарабұлақтағы №33 мектептердің түлектері. Қарқаралы қаласындағы №1, 2, 44 орта мектептермен қатар, Тегісшілдік, Егіндібұлақ селосындағы №43 орта мектеп 90%-дан жоғары сапа көрсетті. Аудан бойынша ең жоғары балл – 119, орташа балл – 82,7.

Көптен көңілдері күпті болып жүрген түлек, ұстаз, ата-ананың еңбегі ақталды. Жыл сайынғы ҰБТ-дан үнемі аудандар арасында оқ бойы озық жүретін Қарқаралы ауданы бұл сынақта да жүйрік шықты.

 

 

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 537
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px