Қауіпсіз балалық шақ - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Қауіпсіз балалық шақ
Елімізде жыл сайын 1-30 сәуір аралығында мектеп жасындағы балалар мен жастар арасындағы жол-көлік және тұрмыстық жарақаттың алдын алу жөнінде айлық өткізіледі.

Жолдағы және тұрмыстық жарақаттың себебі ересектердің балаларға жіті назар аудармауы,   олардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырмау, мектеп оқушыларының жол жүру мәдениетінің төмендігі, жол қозғалысы ережесін жеткілікті білмеуінен.  
Мәліметтерге қарасақ, балалар жарақатының 98,7%-ы автокөлікпен байланысты. 78,9% жарақатты бала үйде, 44% туыстарының жанында болғанда алады екен.
Балалардың жарақаттануы әсіресе жаз мезгілінде жиі кездеседі. Биіктен құлау ауыр жағдайларға да әкеліп соғуы мүмкін. Көлікте қауіпсіздік белдігін тақпағандықтан, велосипед және скутерді жол қозғалысы ережесін білмей тебуден жол көлік-оқиғалары орын алып жатады. Осындай қауіптен сақтандыру үшін насихат жұмыстары ретінде мектебіміз де аталмыш айлыққа үлес қосты. Мектептің барлық оқушылары айлық барысында қажетті мәліметтер алып, танымын кеңейтті. Бастауыш сынып оқушылары өз қолдарымен көрме ұйымдастырды. Дегенмен, басты жауапкершілік ересектерде екенін әрқайсымыз ұмытпауымыз керек. Сонда ғана балаларымызды қауіп-қатерден сақтап қаламыз.

Г.АХМЕТ,
Ә.Бөкейхан атындағы №76 орта
мектептің бастауыш
сынып мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 517
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px