Ауыл мектебінде – абыройлы іс - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Ауыл мектебінде – абыройлы іс

«Ауыл дегеніміз – халықтың тұрмыс-салты, мәдениетіміздің, дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыз бен рухани тіршілігіміздің қайнары. Ауыл – біздің алтын діңгегіміз, терең тамырымыз, балдәуреніміз, үмітіміз, келешегіміз, асқақ арманымыз».
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Қарағанды облыстық білім басқару және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспары бойынша әдіскерлер С.ТӨЛЕПБЕКОВА және Г.СҮЛЕЙМЕНОВАНЫҢ ұйымдастыруымен Бұқар жырау ауданы Көкпекті жалпы білім беру орта мектебінде «Функционалдық сауаттылықты дамытудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шара жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдерінің басын қосты.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ат­ап көрсеткендей, ауыл мек­теп­те­ріндегі білім сапасын көтеру – басты мақсат.
Облыстық семинарға Қарағанды, Шахтинск, Теміртау, Саран қала­ларынан және Қарқаралы, Бұқар жырау аудандарынан 50 педагог қатысты.
Семинар басында Көкпекті орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Шпякина сөз алды. 2014 -2015 оқу жылында мектепте өткен «PISA – 2015» Халықаралық салыстырмалы зерт­теу­лер қорытындысын таныстырды.
Бұқар жырау ауданының мұға­лімдері – химия пәнінің мұғалімі Т.Макова (Көкпекті ОМ) 9 сыныпқа – химия-географиядан аралас сабақ, физика пәнінің мұғалімі С.Есімбаева (Елтай ОМ) 7 сыныпқа – физикадан, химия пәнінің мұғалімі М.Жұмағұл (Көкпекті ОМ) 8 сыныпқа – химиядан, география пәнінің мұғалімі Е.Байкенова (Елтай ОМ) 7 сыныпқа –  географиядан, география пәнінің мұғалімі А.Тәтібекова (Ростовка ОМ) 8-сыныпқа – «Сарыарқа географиясы» тақырыбында, математика пәнінің мұғалімі Г.Сейдіғазин (Үштөбе ОМ) 7 сыныпқа – алгебрадан, биология пәнінің мұғалімі Қ.Нығыметова 9 сыныпқа – биологиядан, математика пәнінің мұғалімі Г.Шаймерденова 11 сыныпқа – алгебрадан, физика пәнінің мұғалімі В.Абильдин (Петровка ОМ) 7 сыныпқа физикадан ашық сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Көкпекті орта мектебінің мұға­лім­дері Б.Касанова, Р.Такуова, А.Әлім­жанова, Қ.Әшірбекова, Ш.Уркумбаева «Сабақта функ­ционалдық сауат­тылықты қалыптастыру» тақыры­бындағы шеберлік сыныптарынын өткізді. Сондай-ақ, «Ойланып оқимыз» тренинг жаттығулар практикумы да қамтылды. Оны аталған мектептің педагог-психологтары Г.Калкеева, Е.Кабанова жүргізді. Ал, Т.Макова, К.Исмаилов, А.Құ­лахметова, Б.Қа­йырбаева, Н.Шабы­кеева коучингтер өткізіп, іс-шараның мазмұнын аша түсті.
Қарағанды облыстық білім бас­қару және білім беруді  дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскері С.Төлепбекова ұстаздармен рефлексия өткізді. Семинарға қатысушылар ризашылық білдіріп, ерекше әсермен тарқасты. Ауыл мектебіндегі абыройлы істің берері молын айтты.

Г.ЖАЙМИНА,
Көкпекті ЖББОМ директоры.

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 239
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px