БАБА ЕРЛІГІ – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШ - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016

Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай, Нұра жалпы білім беретін орта мектебінде «Айгөлек» шағын орталығының тәрбиешілері Г.Жұмабекова мен Д.Оспанованың ұйымдастыруымен «Ерлікке тағзым» атты ашық тәрбие сағаты өтті.  Мақсаты – батыр бабаларымыздың ерлік істерін мақтаныш ете отырып, балалардың өз халқына, ұлтына, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Шара барысында Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ерлік істері туралы мағлұматтар берілді.

Сондай-ақ, Іңкәр Зекен «Сарбаздар» әнін шырқады. Ал, қыздар тобы «Катюша» биін билесе, Назерке Әбілдина «Әрқашан, күн сөнбесін» әнін орындады. Хордың орындауындағы «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әні іс-шараны түйіндеді.

Ұлы Отан үшін жанын қиған ержүрек батырлардың қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды.

Нұргүл АЛИБЕКОВА,

Нұра жалпы білім беру  орта мектебінің музыка пәні мұғалімі.

ШЕТ ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 150
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1088
count 88x31px