Бабы келіссе – бақ жанар - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Бабы келіссе – бақ жанар
Қарағанды облыстық білім басқармасы, облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында Жаңаарқа ауданындағыТ О.Жұмабеков атындағы мектеп базасына қарасты Тірек ресурстық орталығында акция өтті. «Түлек – 2016»  акциясы биылғы оқу жылында мектеп бітіретін аудан, ауыл мектептерінің түлектеріне арналған.
 
Акцияға аудан бойынша 16 орта мектептен  – 169 мектеп бітіруші қатысты. 8 топ бойынша   қазақ және орыс тілінде сабақтар жүргізілді. Түлектерге ауданның жоғарғы санатты және деңгейлік курстан өткен білікті 33 мұғалімі сабақ берді.
Акция салтанатты сапқа тұру жиынымен басталып, Қарағанды облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Гүлжазира Сүлейменова Жаңаарқа ауданы бойынша соңғы жылдардағы ҰБТ-ның жетістіктеріне сараптама жасады. Жаңаарқа аудандық білім бөлімінің басшысы Тілеш Аштаев алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуде түлектерге  сенім артатынын жеткізді.                                                                               
Жалпы, Жаңаарқа ауданы бойынша «Түлек – 2016» акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылып,  ұстаздар мен дәріс алушы түлектер арасында ынтымақтастық қарым-қатынастағы сабақтар өтті. Ұйымдастырушы топ түлектер дайындығының сапалы болуына жағдай жасады. Сабақ кестесі кедергісіз ретке қойылып,  ауылдан келген оқушылар жатын орынмен қамтылып, аудан орталығындағы интернатқа орналастырылды. Әр күн сайын түлектерге аудандағы тәжірибелі психолог мамандар  тренигтер өткізді. Мысалы, «Қорқынышты қалай жеңуге болады?», «Уақытты басқару», «Мен кіммін?», «Біздің топтың жүрегі» тақырыбында өткізілген тренингтердің алдағы өтетін  тестілеуде түлектер үшін пайдасы зор екені анық. Осындай шаралардан соң мектеп бітіруші бойындағы қорқыныш пен сенімсіздіктен арылып, білімді болса жетістікке жете алатынына сенімді бола түседі.
Сондай-ақ, сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында  мектеп психологтары мен тәжірибелі мұғалімдер «Көшбасшы» танымдық ойынын, «Мамандық әлемінде», «Қазақ тілінің қоғамдық мәні мен эстетикалық құдіретін бүгінгі жастар түсіне ала ма?» атты пікірсайыс, «Адамгершілік – достық белгісі» атты дөңгелек үстел өтіп, оқушылар демалысын сәтті ұйымдастыра білді. Сабақ аяқталғаннан кейін уақыттарын бос өткізбей, әртүрлі танымдық іс-шаралар, зияткерлік ойындарға қатысты.
Акцияның соңғы күні түлектер Б.Амалбеков атындағы мектепте  сынақ тапсырды. 16 мектептен 171 оқушы қатысып, аудан бойынша орташа балл – 78,8-ді құрады.
Жалпы, игі шараны ұйымдастырушы облыстық білім басқармасына, оқу-әдістемелік орталығы мен аудандық білім бөліміне ризашылық білдіргіміз келеді. Әсіресе,  білікті де білімді мамандар Жанат Арконова, Алма Тәжібекова, Әсия Төребекова,  Орынбасар Сейфуллина, Дариға Тұрысбекова, Қорлан Шыңғысбаева, Мереке Әбдіқадыров, Айдар Сапаров, Гүлжамал Шәкенова, Еркебұлан Игеновке айтар алғысымыз шексіз.
Дұрыс жолға қойылған игі жұмыстар жалғаса берсе, биыл Жаңаарқа ауданы бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі жоғары деңгейді көрсетеді деген сенімдеміз.

 Асылхан АБАЙДІЛДИН,
ата-ана.
ЖАҢААРҚА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 166
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px