Балғын шақ шаттығы - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Жаздың алғашқы күнімен қатар келетін балалардың мерекесін көпшілік асыға күтеді. Биыл да бұл күні орталық мәдениет және демалыс саябағына жиналған жұрттың қарасы қалың болды. Мерекелік іс-шараның барлығы «Қазақстан балалары – нұрлы болашақ» ұраны аясында ұйымдастырылды. Түрлі шығармашылық ұжымдар концерттік бағдарлама ұсынып, мереке көрігін қыздырды. Сонымен қатар, сурет салу байқауы, көрмелер, флешмобтар, түрлі ойындар, спорттық сайыстар өткізілді. Айта кету керек, 14 жасқа дейінгі балалар саябақтағы барлық аттракциондарға тегін мінді бұл күні. Мерекеге орай, балаларға арналған темір жол іске қосылып, балаларды тегін қыдыртты. Ұзын-сонар кезекті айтпағанда балалар үшін есте қаларлық мереке болды.

Балалар мен жеткіншектер сарайында «Балалық шақтың жұлдызды сәттері» мерекелік бағдарламасы өтті. Түрлі бағдарламалар мен сайыстар ұйымдастырылды. Қала әкімі Нұрлан Әубәкіров балалар арасында өтетін қалалық чемпионаттың ашылуын жариялады. Жыл сайын өткізілетін сайысқа биыл 225 бала қатысуға ниет білдіріпті.

Шағын және орта бизнес өкілдерінің мұрындық болуымен жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ, аз қамтамасыз етілген балғындарға қайырымдылық акциялары өткізілді.

Бұл күні 353 мектеп жанындағы сауықтыру лагері және 323 мектеп жанындағы арнайы алаңдар салтанатты түрде жұмысын бастады. Онда 150 мың бала серуен құрып, демалатын болады.

Мерекеге орай 1-8 сынып оқушылары үшін қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігі ұсынылды. Автопарктер мен қала әкімдігінің бірлесіп ұйымдастырған акциясы балаларға ғана емес, олардың ата-аналарына да тарту болғаны сөзсіз. Барлық мәдениет ошақтарында ұйымдастырылған түрлі мерекелік шараларға барлығы 250 мың адам қатысты.

Мадина АЙАП,

ҚарМУ-дың ІІ курс студенті.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 343
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px