Балалар бағының бағбаны - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Балалар бағының бағбаны
Жақында Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының ұйытқы болуымен балалар жазушысы Құрманбай ТОЛЫБАЕВТЫҢ туғанына 90 жыл толуына орай, Алматы қаласындағы С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасымен бірлескен «Балалар бағының бағбаны» атты онлайн-конференция өткізілді. Мазмұнды шараны ұйымдастыруға кітапхана директоры Нұржамал ӨТЕГЕНҚЫЗЫ мұрындық болды.  
Тағылымды шараның тартымды болуына №15, 41 орта мектептердің 5 сынып оқушылары мен №3 гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі А.Оспанова  және 8 сынып оқушылары белсене атсалысты.
Балалар әлемінің бағбаны атанған жазушының туып, өскен жері Алматыдағы С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасы байланысқа шығып, жазушының балалары Марат пен Жанат, немересі мен шөберелері қарымды қаламгер Құрманбай Игілікұлының өмір жолы жайлы әсерлі әңгімелер айтты. Жас оқырмандармен сыр бөлісті.
Іс-шара барысында жазушының жұмбақтары жасырылып, өлеңдері оқылды. №15 орта мектептің 5 сынып оқушылары А.Серікбаева, І.Иманбаева, А.Турдиева, Ж.Жағыпарова және Г.Мәжитова жазушының «Айдың жүзі дөңгелек» кітабындағы  «Жалғыз гүл» атты ертегісінің кейіпкерлері Айгүл, Айжан, Шеңгел, Қызыл гүл бейнесіне еніп, көрерменнің көңілі толатындай көрініс көрсетті. Сонымен қатар, жазушының шығармаларынан «Балалық – ең таңғажайып өмір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар олармен жете танысу мүмкіндігін иеленді.
Шара түйінінде №15 орта мектептің 3 сынып оқушысы Айкүнім Омар «Тәтті» әнін тамылжыта шырқады.
Қорыта айтқанда, онлайн-конференция бастапқы межелі мүддесін бағындырды. Дәлірек айтсақ, балалардың қаламгер шығармашылығына қызығушылығы артып, қиялдарына қанат байлады.

Қ.ҚАЛИЕВА,
Абай атындағы облыстық
балалар кітапханасының
бөлім меңгерушісі.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 164
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px