Басты сынақ басталды - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Түлектердің басты сыны – Ұлттық бірыңғай тестілеу облысымызда  кеше басталды. Тестілеудің алғашқы күнінде облыстағы 1394 түлек тестілеуге қатысты. Оның барлығы – Қарағанды және Теміртау қалаларының мектеп бітірушілері.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша 6984 бала мектеп бітіреді. Оның 4700-і немесе 67,3%-ы – тестілеуге қатысуға ниет білдіргендер. Ал, 2284 түлек 1-17 маусым аралығында мемлекеттік емтихандар тапсыратын болады. Білім сынағы аймақ көлемінде 15 тестілеу пунктінде өткізіледі. Тестілеу форматы биыл да өзгеріссіз. ҰБТ қатысушылары бес пәннен берілген 125 сұраққа жауап беріп, кемі 50 балл жинауы тиіс. «Алтын белгіге» – 220, үздік аттестатқа – 98 үміткер бар. Тестілеудің келесі кезеңдері 5 және 7 маусым күндері өтетін болады.

Жансая ОМАРБЕКОВА.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 348
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px