Білім ошағына – бизнесменнен қамқорлық - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Кәсіпкер Ерлан Мұқатайұлы қала, аудан, ауыл өмірінің қоғамдық жұмыстарына да қызу араласып, жаңаша, игі бастамалардың ұйытқысы болып жүреді. Үнемі халықтың қамын жеп, ой-арманының орындалуына белсенді атсалысып жүретін үлкен жүректі азамат қала және ауылдағы мектеп, балабақшаны тұрақты қамқорлығына алып, тұрмысы төмен отбасыларына, қарт кісілер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға заттай, қаржылай көмек беріп тұруды дәстүрге айналдырған. Мұнымен қатар, қазақ тілін дамытуға атсалысып, әртүрлі әлеуметтік жағдайларға көмек беруде де үлгі көрсетіп келеді.

Мәселен, Ә.Бөкейхановтың туғанына 150 жыл толуына байланысты республика көлемінде жастар арасында «Тоғызқұмалақ» ойнының өтуіне және жеңімпаздарын бағалы сыйлықпен марапаттауда демеушілік көрсетті.

«Жетім көрсең, жебей жүр». Ерлан Мұқатайұлы «Таңшолпан» балалар үйінің түлегі Петер Переверзевтің Қар МТУ-да білім алуына қамқорлық көрсетті. Биылғы оқу жылында жақсы дәстүрді жалғастырып, мектебіміздің 11 сынып оқушысы Жандос Оразхановтың Ресейдің Кемер қаласындағы КемТИПП университетіне жолдама алуына мүмкіндік туғызды.

Мектебімізде үштілділіктің мақ­саты айқындалып, оны жүзеге асыруда шығармашылықпен жұмыс жасап жатқан мұғалімдеріміздің еңбектері ұлан-ғайыр. Ұстаздардың осы еңбегін бағалап, демеуші болып жүрген Ерлан Мұқатайұлының бастауымен шетелде тәжірибе алмасу және демалу мақсатымен жыл сайын екі мұғалімге тегін жолдама беру дәстүрге айналған. Мектебіміздің үш мұғалімі – Р.Шаяхметова, М.Қасымова және Г.Әкімбекованың Түркия мемлекетінің «Алтын жұлдыз», «Лара» мектептерімен халықаралық деңгейде байланыс жасауына демеушілік жасап, мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруға ықпалын тигізді. Биылғы Наурыз мерекесінде Ерлан мырза екі жолдаманы тарих пәні мұғалімі А.Тапенова мен география пәні мұғалімі Г.Жомартоваға табыстады.

Экономика пәнінен теориялық білімдерін практикалық тұрғыда ұштастыру мақсатында, жоғары сынып оқушыларын фабриканың жұмысымен таныстырып, бизнестің қыр-сырын түсіндіріп, «бизнес-жоспар» жасаудың жолдары туралы өз тәжірибесімен үнемі ой бөлісіп тұрады.

Ерлан Мұқатайұлы – жастарға үлгі боларлық тұлға. Кәсіпкер азаматтың еңбегіне жеміс, табыс тілей отырып, елімізде еліне елеулі кәсіпкерлер қатары өсе берсін демекпіз.

 

Жазира САДУОВА,

Н.Нұрмақов атындағы

ММИ менеджері.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 712
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px