Билл Гейтстің шәкіртақысын иеленді - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Билл Гейтстің шәкіртақысын иеленді
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»  

Қарағандылық №38 гимназияның оқушысы Дарья Андрейченко – Билл Гейтс шәкірт­ақысының (300 000$)  иегері атанды. Бұл шәкіртақыны әлемде тек 8 адам алады.

Бағдарлама жасаудағы әлемдік  көшбасшының шәкіртақысын жеңіп алған Дарья – қазақстандық алғашқы оқушы болып отыр. Оның айтуынша, сынақтың талабына сай «IELTS-ті» (ағылшын тілін білу деңгейін анықтайтын тест), SAT– (американдық ҰБТ) және SAT – (пәндік таңдау сынағы) биология және математика пәндерінен ағылшын тілінде тест тапсырған. Сондай-ақ, еркін тақырыпта үш эссе жазған. Онлайн–сұхбаттасу кезеңін университет ұстаздары жүргізген. Сынақ нәтижесі бойынша оған «шәкіртақы финалисі» болдың деген хат келген. Енді Дарья – шәкіртақы түріндегі жолдаманың иесі, сондай-ақ, әлемдегі ең беделді Дьюк университетінің (АҚШ) студенті атанды.
Бұл шәкіртақыны әлемде тек 8 адам алады. Жоғарғы оқу орнына тапсырған 32 мың адам болса, тек соның 1700-і оқуға түседі.
«Оқуға қабылданып, шәкіртақы финалисі болдың» деген хат келгенде қатты таңырқағандықтан, оларға – «Бұл әзіл емес пе?» деп жаздым, – дейді Дарья.
Естеріңізге сала кетейік, АҚШ–тың Дарэм қаласында орналасқан Дьюк (Duke University)  университеті – әлемдегі алдыңғы қатарлы 10 университеттің қатарына кіреді. Университеттің ерекшелігі сол – түрлі мамандық бойынша білім алатын студенттер, бағдарлама құру негізінде зерттеу жобасы арқылы жұмыс жасайды. Университетте 25 тілде түрлі салада курстар өтеді.
Қазіргі таңда Дарья Андрейченко еліміздегі түлектерге міндеттелген сынақ – ҰБТ-ға дайындық үстінде. Шетелдік оқу орнының шәкіртақысын иеленсе де, сыныптастарымен бірге тестілеуді тапсыратындығын айтады.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 139
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px