ҰБТ форматы өзгереді - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

ҰБТ  форматы өзгереді
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»  

ҰБТ 2017 жылдан бастап екіге бөлінеді. Тестілеу мектептік және жоғары оқу орындарына сай кезеңдер бойынша жүреді. Бұл туралы кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан САҒАДИЕВ айтты.

 – Мектеп бітіру емтихандары мектепте тапсырылып, ал, ҰБТ – SIT (System Integration Test) интеграциялық тест түріне ауысады. Аталмыш «SIT» жүйесі –  мектеп бітірушінің зияткерлік деңгейі және ЖОО-ға қаншалықты дайын екенін анықтауға көмектеседі. Осы мақсатта ҰБТ-ның жаңа бағдарламасы әзірлену үстінде. Бұл емтихандарды барлығы, яғни, мектеп бітіруші олимпиада жүлдегерлері, Назарбаев зияткерлік мектептерінің түлектері де тапсырады. Кезеңдер бойынша ЭЫДҰ стандарттарына көшу жұмыстары басталып, жобалар келесі жылдан бастап жүзеге асады, – деді ол.
Министрдің айтуынша, биыл мектеп бітірушілер Ұлттық бірыңғай тестілеуді екі мәрте тапсыра алады. Бұл – колледждер түлектеріне де қатысты болмақ. Бұрын колледж бітірушілер ҰБТ-ны шілде-тамыз айларында тапсырып жүрсе, енді келесі жылдың қаңтарынан (2017 жылы) қайта тапсыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп, алдағы уақытта колледж түлегі шартты түрде жоғары оқу орнына қабылдануға құқылы болады. Бұл мақсатта колледж түлегі үшін ЖОО аясында қаңтарға арналған кешенді тест әзірленбек. Колледж бітіруші сол кешенді тестілеуден өтсе, оның қыркүйектен бастап қаңтарға дейін оқыған кредит саны есептеліп, ЖОО-ның бірінші курсына қабылданады.
Министрдің сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда елімізде 150 000 бала алты жастан оқыса, 180 000 бала мектепке бармай отыр. 12 жылдық білім берудегі негізгі міндет сол – бірінші сыныпты алты жастан бастау және ЖОО бағдарламаларын ретке келтіру. Баланың мектепке кеш және ерте баруы – оның дамуына, білімді дұрыс игеруіне әсер етеді. Яғни, әрбір бала, Еуропа елдеріндегі үрдіске сай, алты жастан мектеп партасына отырса, сәйкесінше, ЖОО-дағы жалпы білім бағдарламасы қысқартылады. Бұл ретте, еліміздегі әрбір жоғары оқу орнына халықаралық деңгейге сай жеке бағдарлама дайындау үшін академиялық еркіндік беріледі.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 1334
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px