ҰБТ сынағына дайын - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016


ҰБТ  сынағына  дайын
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық  Қазақстан» 
Биылғы ҰБТ қайда өтеді? Мектеп бітірушілерге арналған тестілеу өтетін орталықтардың дайындығы қандай? ҰБТ-ның форматы өзгерді ме?
Тестілеу жөніндегі сауалдар талқыланған жиынға облыс әкімінің орынбасары Жандос Әбішев бастап, аймақтағы жоғары оқу орындарының басшылары, мемлекеттік органдар өкілдері, білім басқармасының мамандары қатысты.
Жиында тікелей байланысқа қосылған аудандар әкімдерінің орынбасарлары тестілеу сынағы өткізілетін орталықтардың да­йындық барысын мәлім етті. Әсіресе, Қаражал қаласы, Жаңа­арқа, Шет аудандарындағы сынақ өтетін орталықтарға бейнебақылау және желдеткіш құрылғылардың міндетті түрде орнатылуы тиіс екені баса айтылды. Бұл ретте, бірқатар мекеме өкілдеріне сынақ барысында мектеп бітірушілерге лайықты жағдай жасалып, оларды көлікпен қамтамасыз ету, медициналық тұрғыда бақылауға алу жұмыстары тапсырылды. Мектеп бітірушілердің қауіпсіздігі ішкі істер органдары өкілдеріне міндеттелді.
Жиында сөз алған Қарағанды облыстық білім басқармасы бас­шысының орынбасары Бақтыгүл Әдекенованың мәліметіне сүй­енсек, биыл облыс бойынша – 6 897 түлек мектеп бітіреді. Олардың 4879-ы, яғни, 70,7%-ы тест­ілеуге қатысады. «Алтын бе­лгіге» үміткерлер саны – 233 болса, үздік аттестатқа үміттілер саны – 109.  Жалпы, ҰБТ сынағы республика көлемінде 1-15 маусым аралығында өтеді. Қарағанды облысы бойынша тестілеуге 15 орын белгіленген. Осы уақытқа дейін білім орталықтарының ұйымдастыруымен тестілеуге да­йындық сынақтары өтіп, облыстық білім басқармасы тарапынан ҰБТ сынағына дайындық барысын тексеру мақсатында аудандарға іссапар жұмыстары жүргізілген. Бұл ретте, алдын ала өткізілген тестілеу сынағында төмен көрсеткіш көрсеткен Саран, Қаражал қалалары, Ақтоғай, Жаңаарқа, Нұра, Шет, Осакаров ауданы білім бөлімі басшылары және ата-аналарымен жиын өткен. Сынаққа дайындық барысының деңгейін жоғарылату тапсырылған.  
Сондай-ақ, биылғы ҰБТ сынағына енгізілген өзгерістерге орай, екінші қайтара тестілеуге ЖОО тапсыруда межелік 50 ұпайды жинай алмаған оқушылар қатысатын болды. ҰБТ сынағын қайта тапсыру тамыз айының екінші аптасына жоспарланған. Халықаралық олимпиадалар және ғылыми жобалар сайысында жүлделі орынға ие болған мектеп бітірушілер (ҚР «Білім туралы» Заңы, 47-бап)  ҰБТ сынағынан босатылмақ.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 128
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px