Функционалдық сауаттылық – заман талабы - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Облысымыздан «PIRLS» зерттеуіне қаты­сатын 12 мектептің бесеуі Қарағанды қаласынан болса, солардың бірі – Ә.Бөкейхан атындағы №76 жалпы білім беретін орта мектебі. Мектепте оқу жылының басынан бері «PIRLS» байқау сынағына қатысатын 4 сынып оқушыларымен жүргізілетін арнайы жұмыс жоспары жасалды. Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға: әдебиет сабақтарында, сыныптан тыс сабақтарда, кітапханамен біріккен жұмыстар, қосымша білім беру және ата-аналармен біріккен жұмыстар жоспарланған және жүзеге асырылып келеді.

Зерттеуге қатысатын оқушылардың ата-аналарымен жиналыс өткізіліп, «PIRLS» халық­аралық зерттеуі туралы мағлұматпен қатар, сауалнама да жүргізілді.

Сондай-ақ, мектеп кітапханасында кітап­хана сабақтары, «Жас оқырмандар конференциясы», «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбындағы шаралар ұйымдастырылды.

4 сынып мұғалімдері Б.Берлібекова, А.Ай­на­­­шева оқушылардың оқуға деген қызығу­­шылығын арттыруда жекелеген, бірік­кен және топпен жұмыстар жүргізіп келеді. Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы инновациялық әдістердің бірі – сыни тұрғыдан ойлау стратегияларымен сабақтар өткізіп, оқушылардың сыни ойлауы арқылы өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуға қажет ететін мәселені анықтап, өз пікірін айтып, дәлелдеуге жетелейді.

Алдағы уақытта оқушылардың оқу сауат­тылығын дамытуға бағытталған жұмыс­тарымыз өз жалғасын таба бермек.

Жайран ЖАҚЫПБЕКҚЫЗЫ,

Ә.Бөкейхан атындағы №76 орта мектептің тарих пәні мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 222
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px