Грант иегері атанды - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Грант иегері атанды
Жуырда Түркістан қаласында мектеп оқушылары арасында дінтану пәнінен  І республикалық олимпиада өткен болатын. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырған олимпиадаға жер-жерден талапты оқушылар қатысып, бақтарын сынады. Осы сынға Қарқаралы қаласы №1 орта мектебінен барған оқушылар жақсы нәтиже көрсетті.
Нақты айтқанда, Омар Назымбек  ІІІ орын иеленіп, аталмыш университеттің грант иегері атанды. Сондай-ақ, Бекарыс Ахмет пен Асанәлі Махмұт арнайы сертификатпен марапатталды. Ал, осы балаларды олимпиадаға дайындаған тарих және дінтану пәнінің мұғалімі Қайрат Омарбеков Алғыс хатқа ие болды.
Айта кетсек, аталмыш білім сынына Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан және Астана мен Түркістан қалаларынан 52 оқушы қатысты. Міне, осынша үміткерлер қатарында алдыңғы үш­тіктен көрінген Омар Мирхат­ұлы өзін тегін оқу мүмкіндігімен қамтамасыз етіп отыр.
– Қазір дін мәселесі өте күрделі, – дейді Омардың жетекшісі Қайрат Мақсымұлы, – Қазірде дінді жақсы меңгерген теолог мамандар аса қажет. Аталмыш олимпиаданы ұйымдастырудағы бір мақсат – білімді де білікті мамандар даярлап шығару. Біздің мектебімізден шыққан оқушыларымыз арнайы оқу бітіріп, осы бағытта қоғамға өз пайдасын тигізер деген ойымыз бар.
А.СӘУЛЕБАЙҰЛЫ.
ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 172
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px