Кәсіби білімнің көкжиегі кең - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Жақында М.Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжінде облыстың агротехникалық колледж студенттері арасында «Ауыл шаруашылық өндірісінің тракторшы-машинисі» біліктілігі бойынша кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Оған өңірдегі 11 колледждің студенттері қатысып, теориялық білімі, ауыл шаруашылық машиналарының құрылысы, оны пайдалану жөніндегі практикалық қабілеті бойынша сынға түсті.

Колледж директоры Саят Оспанов, облыстың білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білімді дамыту бөлімінің әдіскері Әтіркүл Есдәулетова, ауыл шаруашылығы бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Болат Әбілов сөз алып, байқау қатысушыларына табыс тіледі.

Білімдері мен біліктіліктерін сарапқа салған студенттер арасынан бірінші орынға Мичурин аграрлы-техникалық колледжі лайық делінсе, екінші орынды Абай колледжі иеленіп, үшінші орынға Ғ.Жарылғапұлы атындағы аграрлық колледжі  тұрақтады. Байқауға директордың өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Мағаз Абдығазымовтың жетекшілігімен Ғ.Жарылғапұлы атындағы аграрлық колледж намысын қорғаған 3 курс студенті Нұрхан Амангелді жүлделі үшінші орынды иеленіп, димломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Нұрханның ұстазы, өндірістік оқыту шебері Сейдрахман Игенбековке білікті шәкірт тәрбиелегені үшін Алғыс хат табыс етілді.

М.Әдекенов атындағы Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжінде осы сала мамандарын  даярлауға барлық жағдай жасалған. Колледждің жаңа ғимараты,  заманауи талаптарға сай материалдық-техникалық базасы, әдістемелік құрал-жабдықтары, компьютерлік құрылғылармен толық жарақталған пән кабинеттері, зертханалар мен шеберханалары көңіл көншітеді. Өндірістік оқыту тәжірибелік аймағындағы ауыл шаруашылығы техникалары мен  құралдары студенттердің еш кедергісіз білім алуларына арналған. Жастарға кәсіптік-техникалық білім беруге айрықша бет бұрған уақытта барлық колледждердің техникалық базасы осы оқу орнындай болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Қалкен СМАЙЫЛ.

ЖАҢААРҚА ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 527
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px