Кәсіп таңдау көрмесі - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016


Кәсіп таңдау көрмесі
Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»  

«Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігі және Қарағанды облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен оқу орындарының «Түлек–2016» жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңке – мектеп бітірушілерге мамандық таңдауда дұрыс бағыт беруге бағытталды. Көрмеге облыс төңірегіндегі және Астана, Алматы қалаларынан 14 колледж және 16 оқу орнының өкілдері қатысып,үгіт парақшаларын ұсынды. Сондай-ақ, Ресей елінің алдыңғы қатарлы 5 оқу орны атсалысты. Жоба аясында қалалық және қалаға жақын орналасқан ауыл мектептерінің оқушыларынан 7000 мектеп бітіруші оқытушылар кеңесіне құлақ түріп, тәжірибелік жұмыстармен танысты.  
Үмітжан АМАНДЫҚОВА, «Қазақстанның болашағы үшін жастар қозғалысы» ҚБ төрағасы:
– Биылғы көрмеге мектеп оқушыларының қатысуына рұқсат беріліп отыр. Әсіресе, мамандыққа қатысты жан-жақты ақпарат алуға кеңінен мүмкіндік жасадық. Талапкерлер көрме барысында «Жоғарғы оқу орындарына және колледждерге қандай құжат тапсыру керек? Қандай мамандық таңдаған дұрыс?» секілді сауалдарға жауап алды.
Сондай-ақ, әрбір мектеп бітіруші өзіне лайықты, таңдауы түскен мамандығымен тікелей байланысты ЖОО өкілдерінен ақпарат алды. Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Еркін Шаймағанбетов: «Колледжегі «автоматтандыру және басқару», «қозғалысты басқару», «электрлендіру» мамандықтары бойынша өтетін пәндерге студенттердің қызығушылығы жоғары. Осындай жәрмеңке барысында әрбір талапкерге техникалық мамандықты меңгерудің аса маңызды екенін баса айтамыз. Қазіргі таңда Қарағанды көлік-технологиялық колледжінен білім алатын мыңға жуық студент күн энергиясын үнемдеу және электрлендіру бойынша жол көлігін жасауды қолға алды», – дейді.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 184
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px