Кәсіподақтар ынтымақтастығы артады - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Кәсіподақтар ынтымақтастығы  артады
Осы аптада Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде Еуропалық білім беру кәсіподағы комитетінің президенті Крис­тин Блоуэр және Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Майра Амантаева бастаған делегация болды.

Отандық салалық кәсіподақ жуырда осы комитеттің құрамына кірген болатын. Енді тәжірибе алмасу және еліміздің кәсіподақтарымен ынтымақтастықты нығайту мақсатында аймақтарды аралап жүр екен. Білім және ғылым қызметкерлерінің Қарағанды облыстық ұйымының төрайымы Татьяна Самойлюк, Қарағанды облысының кәсіподақ орталығының төрайымы Любовь Қуанышбекова шараға қатысты.
Оқу орнындағы «Жас Орда» студенттер кәсіподағы­­ның белсенділерінің ұйымдастырумен ән айтылып, «Сары­арқа сазы» домбыра ансамблі күйден шашу шашты, ректор балына қатысушылар би биледі. Кездесу барысында оқу орнының бірінші  проректоры, профессор Аристотель Исағұлов қонақтарды университеттің мұражайлары, инженерлік бейіндегі сынақ зертханасымен, ғылыми зертханаларымен таныстырды.
Аяулым ҮСЕНОВА,
ҚарМУ-дың 2 курс студенті.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 407
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px