Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 18.08.2017

Жоғары оқу орындарына түсуге тағы бір мүмкіндік беретін кешенді тестілеудің талапкер үшін маңызы зор. Қарағандыда кешенді тестілеуге өтініш қабылдау 20 маусымнан – 9 шілдеге дейін жүргізілді.

Жалпы, кешенді тестілеу – кәсіби оқу орындарын бітірушілер және орта білімі бар мектеп бітірушілер арасында өтеді. Қарағандыда кешенді тестілеу сейсенбі күні аймақтағы мемлекеттік жоғары оқу орындары Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті және Қарағанды экономикалық университетінде басталды. Талапкерлер қазақ және орыс тілінде 4 пән бойынша орта білім беру бағдарламасы негізінде тест тапсыруда. Міндетті – математика, қазақ тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы және төртінші таңдау пәні бойынша (география, физика, биология, химия, дүние жүзі тарихы, қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті) жүргізілмек. Талапкерлер 2 сағат 30 минутта әр пән бойынша тесттік тапсырмалар саны – 25 сұрақтан, барлығы 100 сұраққа жауап беруі тиіс. Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу мақсатындағы шектік балл деңгейі – 50. Талапкерлердің жалпы пайыздық көрсеткіші үш күнге жалғасқан кешенді тестілеуден кейін белгілі болмақ.

Аяулым СОВЕТ

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 6912
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1170
count 88x31px