Үкілеген үміт ақталды - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 08.12.2016

Биылғы 30 түлектің 27-сі 101-119 балл, үш оқушы 120 балл жинады. Мектебіміздің ҰБТ бойынша орташа балы өткен оқу жылы 107 болып еді, биыл 111,4 балды құрап отыр. Бұл облыс мектептері арасында екінші орында деген сөз. Бес бітіруші атап айтқанда, Е.Қайзайт, А.Мейрамбеков, Б.Маханова, Г.Хұмарбек, К.Қабдиева «Алтын белгіні» ақтаса, оны үздік аттестатқа ие болды. Ал, тағы бір түлегіміз Сәния Ахметжанова ҰБТ-дан босатылған. Ол Қытай еліндегі жоғары оқу орындарының біріне грантқа түсу мүмкіндігіне ие болған. Осы орайда, А.Смайл, Ү.Берекелова, Т.Майкопова, Н.Уатаев, З.Әбдіхалықова сынды ұстаздардың ерен еңбегін айта кетпеске болмас. Себебі, мұндай толайым табысқа мектеп мұғалімдерінің еңбегі, балалардың талабы нәтижесінде жеткені сөзсіз. Сонымен қатар, соңғы қоңырау салтанатында айтылған ақжарма тілектердің қабыл болуынан деп білеміз. Салтанатқа жиналған үлкен-кіші түлектерге ақ жол тілеп, жылы лебіздерін білдірген болатын. Мектептің алғашқы түлектерінің бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері Бүркіт Есжанов ағамыз да арнайы келіп, шәкірттерімізге сәт сапар тілеген еді.

Облыс орталығы мектептерінің қара шаңырағы жеткен жетістік мұнымен тоқтап қалмақ емес. Өсіп келе жатқан жаңа буыннан күтеріміз көп. Бүгінгі таңда оқу ордасындағы 5-11 сынып аралығындағы 516 оқушының 211-і – оқу озаттары. Олардың барлығы «Оқу үздігі» төсбелгімен марапатталып, куәліктері тапсырылды. Келесі жылы мектеп бітіретін 50 оқушының 26-сы кілең «5-пен» келе жатқандар. Сондықтан, келесі жылы «Алтын белгі» иегерлері артады деп сенеміз.

 

Ошақбай СУХАНБЕРЛИН,

ардагер ұстаз.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 387
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px