Ұлттық ойын ұлағаты - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Ұлттық ойын ұлағаты
Инклюзивті білім беру жүйесі – еліміздің мемлекеттік білім беру саясатында басым орын алады. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында «... мүмкіндіктері шектелген біздің азаматтарымызға ерекше көңіл бөлуді арттыру қажет. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймақ болу керек. Осындай жандарға қамқор  болу  өзіміз бен қоғам алдындағы біздің борышымыз» делінген.

Жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру құрылымы мен мазмұны арқылы  тоғызқұмалаққа үйрету – мақсатты бағытталған күрделі міндет. Мектеп-интернат жүйесінде   «Тоғызқұмалақ» ойынына үйрету балалардың жылдам, ұзақ мерзімде есте сақтауын дамытудың  мәні болып саналатын негізгі талаптарға жауап береді. Есту қабілеті зақымдалған балалардың  бос уақытын ұйымдастыру мен тәрбиелеу мақсатында оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге, сонымен қатар, дайындық кезіндегі кемшіліктерін айқындауға мүмкіндік беретін қалалық және мектеп жарыстарының кестесімен реттелген «Тоғызқұмалақ» ойынына үйрету бағдарламасы әзірленген. Топтардағы теоретикалық және практикалық сабақтар олардың материалды жақсы меңгеруі үшін жекеше түрде де өткізіледі.
Сабақтарда балалар «Тоғызқұмалақ» ойынының пайда болу тарихымен жарыстар мен турнилер өткізу ережелерімен танысады. Өздерінің және басқалардың қателіктерін сараптап, оларды қайталамауға үйренеді. Логикалық ойлауын, есте сақтауын, зейіндерін, табандылықтарын және басқа да жағымды мінездерін дамытады. Логикалық әсемдік және  бейнелік елестету әлеміне еніп, қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтеді. Үйірмеге мектеп жасындағы кіші, орта және жоғары буындағы балалар қатысады. Оқушылар үш топқа бастауыш  және жетік білетін топ болып бөлінеді. Алғашқы сабақтарда нәтижелері бойынша топқа бөлу үшін «Тоғызқұмалақ» ойыны бойынша білімдерін, іскерлік дағдыларын анықтау мақсатымен диагностика өткізіледі. Натали Мырзаболатова, Алёна Бирюкова, Гүлнәр Әлжан, Лера Николаева сияқты тәрбиеленушілердің басқаларға қарағанда материалды жылдам және терең меңгеруі осы аталған бағдарлама бойынша жұмыстың нәтижелілігі мен қажеттілігін туындатады. «Тоғызқұмалақ» ойынына үйрету – балалар үшін кедергіні жеңу жолында туындайтын қиындықтармен күресе білу дағдыларын, іскерліктерін және психологиялық тепе-теңдікке жетуін қамтамасыз етеді. Мүмкіндіктері шектелген балалардың қоғамға ойдағыдай бейімделуі үшін тиімді жолдарын, әдістерін іздестіру – әркімнің  міндеті.

Шекер  ҚУАНЫШЕВА,
есту қабілеті зақымдалған балаларға
арналған ЖББМИ КММ тәрбиешісі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 277
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px