Математика мамандығының маңызы - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Математика мамандығының маңызы
Қай уақытта болмасын ата-аналарды, мектеп қабырғасында оқып жүрген оқушыларды: «болашақта қандай мамандық иесі боламын?» ­– деген сұрақ қатты толғандырады. Заман талабына сай ол мамандықтардың қажеттіліктері мен өзектіліктері де өзгеріп отырады. Сондықтын да, дұрыс мамандық таңдау – болашақ үшін аса маңызды қадамдардың бірі. Бүгінгі таңда көптеген жастардың мамандықты таңдаудағы ең басты талабы және қызықтыратыны да жалақысының мөлшері мен қоғамда алатын орыны екені анық. Сондай мамандықтардың бірі – ғылымдардың патшасы математика. Қажеттілігі алғашқы қауымдық құрлыстан басталған, өзектілігін күні бүгінге дейін жоймаған,  оның одан әрі қарай дами беретіні өмірдің аксиомасы. Қоғамдық қатынастың математикасыз дамуы мүмкін еместігі, оның алатын орынын көрсетеді. Математиктің жалақы мөлшері алдына қойған мақсатымен анықталады.     
Математика  – әмбебап мамандық, сондықтан, ол түлектерге бірден бірнеше саланың есігін ашады. Олар:
• ЖОО және мектептерде математика циклінен және информатика пәндерінен оқытушы
• ІТ саласында (жоба жетекшісі және құрастырушысы, программист, QA-engineer, дизайнер)
• Ғылыми –зерттеу, банк, қаржы, техника, ақпараттық, консалтингтік және маркетинг салаларында аналитик
• Сақтандыру компанияларында актуарий
• Ауқымды жоба жетекшісі
• Компания иесі және басшысы
Атқаратын міндеттері:
• Ғылыми – зерттеу, банк, қаржы, техника, ақпараттық, консалтингтік және маркетинг салаларында эксперт қызметін
• Мәселенің математикалық моделін құрастыру
• Қойылған есептің шешу әдістерін
• Заманауи технологияларды қолдана отырып алынған шешімін жүзеге асыру
• Қарастырып отырған жүйедегі жұмысты жетілдіру мен дамыту жөнінде нұсқаулар беру
Осындай маман дайындайтын Орталық Қазақстандағы жалғыз оқу орыны ол академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің математика және ақпараттық технологиялар факультеті. Факультет 1972 жылы педагогика институтының бұрынғы физика-математика факультеті негізінде құрылды. Қазіргі уақытта факультетте мамандарды профессор Т.Г.Мустафин атындағы алгебра, математикалық логика және геометрия, математикалық талдау және дифференциялдық теңдеулер, қолданбалы математика және информатика, математиканы және информатиканы оқыту әдістемесі кафедралары дайындайды. Онда 60 оқытушы, оның ішінде 4 ғылым докторы, 1 PhD докторы, 28 ғылым кандидаты бакалаврдың 7 (5В010900 – Математика, 5В011100-Информатика, 5В060100 - Математика, 5B060200-Информатик, 5В060300 – Механика, 5B070300-Ақпараттық жүйелер, 5B070500-Математикалық және компьютерлік моделдеу), магистратураның 4 және PhD докторантураның 1 мамандығына алғашқы болып үш тілде дәріс береді. Факультеттің базасында ғылыми компьютерлік модельдеу, робототехника және ақылды машиналар лабораториясы жұмыс істейді.
Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің миссиясы аймақтың қоғамдық өмірінің түрлі салаларында инновациялық кәсіби тәжірибелік қызметті жүзеге асыру үшін заманауи білім беру және ақпараттық технологиялар негізінде математика, механика және информатика салаларында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау болып табылады.
Факультет Ресей, Франция, Германия, Швеция, АҚШ және т.б. мемлекеттердің ғылыми орталықтарымен тығыз қатынаста.
Факультет студенттері халықаралық ғылыми –практикалық конференциялардың, математикалық сайыстардың және республикалық олимпиадалардың бірнеше рет жеңімпазы атанған.
Қорыта келе бұл айтылғандардың барлығы болашақ маманға табысты болу үшін қажет шарттар, ал жеткілікті шарты ол оның қажырлы еңбегі болып табылады.
Сонымен, жоғарыда айтылған талаптарға сай маман болу үшін барлық жағдайлар жасалған, ал таңдау өз қолыңда!
Д.АЛИБИЕВ,
ф.м.ғ.к., доцент, математика және
 ақпараттық тех факультетінің деканы.
Г.ЖЕТИМЕКОВА,
деканның орынбасары, аға оқытушы.
№168.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 130
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px