Мейірімділік асыл қасиет - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Мейірімділік асыл қасиет

Талап ауылындағы тірек (ресурстық орталық) мектебінде оқушылар арасында «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» атты шара өтті. Оқушыларға бақыттың құндылық ретіндегі мағынасы және мейірімділік қасиет пен өзара көмек әрекеттері туралы түсінік беріліп, қамқорлық жасау, көмек көрсету дағдыларын дамыту қағидалары жөнінде айтылды. Рухани адамгершілікте болу, өмірді бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында онкүндік ұйымдастырылды. Оқушылармен түрлі сайыстар, «Өмірді тану – өзіңді танудан басталады» атты ашық сабақтар, «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында ата-аналарға арналған тренинг өтті.

«Отбасы жарастығы–жарқын күннің болашағы» атты эстафеталық сайыстар «Спорт – өмір көркі», «Жақсылық жаса» тақырыбындағы акциямен жалғасты. «Мейірім төгетін ана» тақырыбында шығармалар байқауы ұйымдастырылды.

Мектептің фойесінде аналарға арналған қабырға газеттер, криптограммалар мен сөзжұмбақ шығарылымдары ұсынылды. «Менің анам – әлемдегі ең жақсы жан!» тақырыбында суреттер көрмесі ата-аналардың көңілінен шықты. Онкүндік соңында іс-шараларға белсенді қатысқан оқушыларға мақтау қағаздары мен Алғыс хаттар табыс етілді.


Саида МУНТЕНОВА,

Талап тірек (ресурстық орталық) мектебінің өзін-өзі тану пәні мұғалімі.

ЖЕЗҚАЗҒАН қаласы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 287
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px