Мен де бір түлегі едім бұл ауылдың - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Мектеп ұжымының ұйымдастырған іс-шараларын көріп, шалғайда жатқан шағын ауылдағы білім шаңырағының жабылмауына күш-жігерін салып отырған мектеп директоры Думан Көкеновтың және мектеп ұжымының еңбегі зор. Сонымен қатар, жас мамандардың мерекелік шараға ат салысқандары анық байқалады. Соңғы қоңырауға жиналған ауыл тұрғындары мен алыстан келген қонақтар ризашылықпен тамашалады.
Мерекелік шараны бастамас бұрын мектеп бітіруші түлектерді шар байлаған бір-бір мотоциклға мінгізіп, ауылды аралатып, байкерлер кейпінде мектеп алаңына әкеліп, болашақта осы ұрпақтан үлкен үміт күтетіндерін, мектебінің, ұстаздарының еңбектерін адал ақтайтын азаматтар болатындықтарын сезіндіргендей қошеметпен ортаға шақырды. Білім ошағының басшысы мектептің жетістіктері мен оқу жылы қорытындысын мәлімдеп, түлектерге сәт сапар тіледі. Одан әрі жас мамандар – Ниязбек Жұмақанұлы және Арғын Қойлыбайұлы, Жарқын Серікұлы, Гүлназ Ерсінқызы – бірі жүргізуші, бірі әнді сүйемелдеуші болып өнерлерін көрсетті. Кеш барысында кезінде менің де ұстазым болған ардагер ұстаз Жұмақан Татынбаевтың иығына шапан жауып, еңбек демалысына шығарып салды.
Жас ұрпақты заман талабына сай жан-жақты етіп тәрбиелеп отырған мектеп ұжымының еңбегіне жеміс, шығармашылық табыс, дендеріңізге саулық тілей отырып, ауыл мектебінің мәртебесі артуына тілектеспін.

 

Самал ШАҚТАЕВА,

№21 негізгі мектеп ұстазы.

 

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 649
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px