Менің сүйікті ұстазым - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 03.12.2016

Менің сүйікті ұстазым
Мен №22 негізгі орта мектеп-интернатының 4«А» сынып  оқушысымын. Есімім – Даяна. Бүгін қолыма қалам алып, өзімнің ұстазым Ләззат БИМАҒАН жайында айтайын деп едім.

Ұстазымызды сыныпта барлығымыз жақсы көреміз. Өйткені, ол мейірімді, ақкөңіл жан. Ләззат ұстазымыздан көп тағылым алдық. Мысалы, біздің сыныптағы оқушылардың бәрі ән айтуға, би билеуге, өлең шығаруға, сурет салуға әбден бейімделген. Сонымен қатар, үлкенге құрмет көрсету, ата-ананы тыңдау, кішіге қамқор болу сияқты жақсы қасиеттерді бойымызға сіңіріп үйрендік. Соның барлығы – Ләззат ұстазымыздың арқасы.
Мен домбыра тарту, би билеу, тоғызқұмалақ ойнау үйірмелеріне қатысамын. Осы үйірмелерден қалмай қатысуыма және жақсы жетістіктерге жетуіме ұстазымның көп көмегі тиді. Мектеп-интернаты болғандықтан, апта бойғы уақытымыз ұстазымыздың жанында өтеді. Екінші анамыз десек те артық айтқаным емес. Өйткені бізбен бірге қуанып, бізбен бірге күледі.    Әр аптаның сәрсенбі күндері тәрбие сағатын өткізіп, бойымыздағы жақсы қасиеттерді ортаға саламыз. Тәрбие сағаттары «Әдептілік – әдемілік» тақырыбында өтсе, кейде Ұлы Отан соғысына қатысқан қарт аталармен кездесу түрінде өрбиді. Енді бірде ата-аналарымызды шақыртып, қызықты да, көңілді сайыс түрінде өткіземіз. Қаламыздың керемет жерлеріне саяхатқа  барамыз.
Мен Ләззат ұстазыма осындай тамаша сабақтарды өткізе беріңіз, еңбегіңіз жана берсін дегім келеді.
Биыл бастауыш сыныпты аяқтаймыз. Жоғары сыныпта Ләззат ұстазымыздан алған мол үлгі-өнегемізді көрсетуге дайынбыз.
Даяна СЕРІК,
№ 22 мектеп-интернатының оқушысы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 353
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px