Қоғам сұранысы – білікті ұстаз - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Қоғам сұранысы – білікті ұстаз
Мұғалімнің өзін-өзі кәсіби жетілдіру үрдісінде инновациялық қызмет ерекше рөл атқарады. Бұл – педагогтің кәсіби дамуындағы маңызды міндет.
Бұл орайда, жақында №51 мектепте биология және химия пәні мұғалімдері арасында семинар өтті. Жиын «Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сын тұрғысынан ойлауға үйрететін стратегиялар мен әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту» атты коучингпен жалғасты.
Кәсіби біліктілік – шығармашылық даралық арқылы педагогикалық тұрғыда алғырлықты қалыптастыру арқылы дамиды. Өзгермелі педагогикалық ортада бейімделу қабілеттілігін арттырады. Бұл ретте, мұғалімнің кәсіби даму тәсілдерінің бірі «коучинг» болып табылады.
“Коучинг” – алғыр әріптестердің белсенді әрі жасампаз қарым-қатынасы негізінде белгілі оқыту тәжірибелерін бірігіп қарастыру, идеялармен алмасу, коуч тарапынан рефлексивті диалогқа ниеттендіру арқылы жүзеге асады. Үйренуші мұғалім үшін – өзінің кәсіби білімін,  тәжірибесін жетілдіріп, түсінік пен қабылдаудың терең деңгейін жүзеге асырудың маңызы зор. Өтіп тұратын коучинг әдістері – сараптамаға, ойлану мен жағымды  іс-әрекеттерді орындауға бағытталады. Жұмыс барысында педагогке жетістікке жетуге мүмкіндік береді.
С.ШЕРАЛИЕВА,
№51 мектептің биология және география пәні мұғалімі.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 285
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px