Оқу үрдісіндегі Жаңару - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Елімізде орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде ағылшын тілі пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру мақсатында курстар өтуде.

 

Облыс бойынша орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде Қарағанды қаласы педагогикалық шеберлік орталығы филиалының директоры Ольга Сурначеваның басшылығымен курстар ұйымдастырылған. Облыстың әр ауданынан 32 мұғалім біліктілігін арттыру курсынан өтуде. Оқу барысына Төлеубике Байжігітова жетекшілік етеді.

Нұра ауданы бойынша курсқа келген уақытта қорқыныш сезімде болғаным рас. Алайда, аудиторияға кіргенде барлық күдікке толы сезімдер артта қалды. Курс барысында жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымы, жаңа педагогикалық тәсілдер және оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері талқыланды. Сонымен қатар, білім беру мазмұнын жаңартуда тиімді оқыту, сапалы білім беру, критериалды бағалаудың негіздері, сабақ құрылымын жаңаша құру, ағылшын тілі сабағын жоғары деңгейде өткізу қарастырылды. Оқыту барысында ағылшын тілі пәні бойынша оқу, оқыту жоспарларын, оқу бағдарламаларының мазмұны талқыланып, аталмыш бағдарламаны шағын сабақтарда жоспарлай отырып, тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың ұтымды жолдарын қарастырудамыз. Курста өтіліп жатқан барлық жаңа тәсілдер мен құнды ақпараттар мен үшін жеңіл қабылдануда.

Құралай ӘКІМБЕКОВА,

№3 тірек мектебінің

ағылшын тілі пәні мұғалімі.

 

НҰРА ауданы.

 

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 2553
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px