Оқытудың тың тәсілі - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016

Оқытудың тың тәсілі
Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ,
«Орталық Қазақстан»
Жақында Теміртау политехникалық колледжінде облыстық Кәсіпкерлер палатасы, білім беру басқармасы және әлеуетті жұмыс берушілер өкілдерінің қатысуымен «Дуальды оқытудың стратегиялық альянсы» тақырыбындағы семинар өткізілді. Ілкімді іс-шараға германиялық мейман – «Evolik» оқыту орталығының жетекшісі Клаус ЛЕБХЕРЦ арнайы келіп қатысты.
Қазіргі таңда Елбасының алғашқы еңбек Отанындағы аталмыш оқу орыны екі ел басшыларының бастамасы аясында қолға алынған «Қазақстан Республикасында дуальды оқытуды енгізу» пилоттық жобасын жүзеге асыру жөніндегі тәжірибелік сынақ алаңқайы болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен халықаралық әріптестік жөніндегі германиялық қоғамның (GTZ) өзара келісімі негізінде колледж «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша немістердің дуальды оқыту жүйесімен мамандар дайындауда.
Тақырыптық семинар барысында колледж дуальды оқыту жүйесін енгізу нәтижелері туралы есеп берсе, шетелдік мейман осы мәселеге қатысты өзінің бай тәжірибесімен бөлісті.
Семинарға қатысушылар Қазақстанда дуальды оқыту тәсілін енгізудің өзекті мәселелері бойынша кең көлемде пікір алмасып, қолданысқа енді ғана берілген жаңа зертхананың жұмыс ерекшеліктерімен жете танысты.
ТЕМІРТАУ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 201
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1094
count 88x31px