«Қош бол, ҰСТАЗ, алтын ұя – МЕКТЕБІМ!» - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 07.12.2016

Тұлымшақтары желбіреп, ботадай көздері мөлдіреп осыдан 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын имене аттаған бүлдіршіндер бүгінде білім нәрімен еркін сусындап, ғылым атты кеменің ескегін еркін есіп, оң мен солын танып, үлкен өмірге өзіндік көзқарастары қалыптасқан жеке тұлға болып қанат қақпақ. ҚР Мемлекеттік әнұранымен ашылған кеш мектеп басшысы Болат Рысқұлұлының құттықтауымен жалғасты. Мектебімізден бұдан бұрын да талай білімді де білікті шәкірт түлетіп, олардың бүгінде ауылымыздың игілігіне еңбек етіп жүргендігін тілге тиек еткен басшы, биылғы түлектердің есімдері мектеп тарихында ерекше әріптермен жазылатындығын атап өтті. Осы сынып осыдан екі жыл бұрын негізгі мектепті 6 үздік куәлікпен аяқтаса, биылғы жылы 5 маусым күнгі ҰБТ-да барлық пәндерден жақсы нәтиже көрсетіп, алды 113 , азы 89 ұпайды еншіледі. Ұстаздарының үкілеген үмітін ақтап, мектебіміз аудан бойынша бірінші орыннан көрінді. Бұл, әрине, оқушылардың табандылығы мен білімқұмарлығының, баласының еш алаңсыз оқуына жағдай жасап отырған ата-ананың, тынымсыз еңбектенген, әр оқушымен жекежеке жұмыс жасаған пән мұғалімдерінің жеңісі. Кеш қонағы, ауылымыздың әкімі Р.Әшенов түлектерге өз жүрекжарды жылы лебізін білдіріп, ауылымыздың абыройын асқақтатқан осындай шәкірттер тәрбиелеп отырған мектеп ұжымына алғысын айтты. Бұдан соң мектеп бітіру куәлігі табысталды. Негізгі мектеп курсын аяқтап отырған 10 оқушының ішінен Жанайым Маратоваға үздік куәлік табысталды. Еңбегінің жемісіне тамсана қараған ұстаздар да бұл кеште марапаттан құр қалмады . Пән мұғалімдері Алтын Төлепбергенқызы, Сәкен Қаспақова, Дина Аткеева, Айнагүл Қойшыбаева, Света Құттыбаева мектеп әкімшілігінің «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

 

Қымбат Көшенова,

бастауыш сынып мұғалімі,

түлектердің алғашқы ұстазы.

 

Шет ауданы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 649
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px