Әрқашан күн сөнбесін! - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 10.12.2016

Әрқашан күн сөнбесін!
№41 қазақ орта мектебіне қарасты балабақшадағы «Балбөбек» тобының тәрбиешілері Жанат Қаңлыбаева және Рымкүл Жаркембаеваның ұйымдастыруымен «Көңілді көктем» атты мерекелік кеш өтті. Бүлдіршіндер көктем айының кереметтері жөнінде ертеңгілік қойды.
Жұптасып, әдемі әуен ырғағымен би билеп, ата-аналарын, қонақтарды көктем мерекесімен құттықтады. «Балбөбек» тобындағы жиырма бүлдіршін жыл мезгілдері, олардың атаулары туралы  тақпақтарды жатқа оқыды.
Сондай-ақ, жылдың басқа мезгілдерімен салыстырғанда көктемнің ерекшеліктерін ажыратып берді. Тәрбиешілер жүргізген вариативтік қисын сабағы «Асық ойнау» секілді қазақтың ұлттық ойындарымен жалғасты.
Кезінде балаларымызды балабақшаға күштеп апарушы едік. Қазір немерелерім өздері шығады. Мұның барлығы балабақшадағы тәрбиешілердің арқасы деп білемін.
Бастысы, бала бағбаны – қос тәрбиешінің еңбектеріне ата-аналар дән риза. Кішкентай бүлдіршендеріміздің балабақша қабырғасынан алатын тәлім-тәрбиесі мол екендігі анық аңғарылады.

Дәулетбек АҚШОЛАҚОВ,
«Балбөбек» тобының ата-анасы.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 173
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1095
count 88x31px