Құрмет сезімі орныға түсті - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 04.12.2016

Құрмет сезімі орныға түсті
Біз Алғыс айту күнін, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен қазақ-стандықтардың бір-біріне өзара құрмет сезімінің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күні деп білеміз. Осы мерекеге орай, «Ертөстік» балабақшасында тағылымды іс-шара өткізілді.

Іс-шарада балаларды адамгершілік құндылықтары – үлкендерге ізет, ата-аналары мен тәрбиешілеріне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу мақсаты көзделді.
Балабақшаға еңбегі сіңген  қарт педагогтерді шақырып, тәрбиеленушілердің «Ұстазыма – мың алғыс!» тақырыбында  музыкалық шығармашылық кеші өткізілді. Сонымен қатар, ата-аналар арасында спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. «Ата-анам – алтын тұғырым» жылжымалы папкалар көрмесі әзірленіп, жұртшылық назарына ұсынылды. Балабақшада қызмет атқаратын жас мамандардың қатысуымен «Дарынды педагогтерден үлгі аламыз» тақырыбында байқау-сайыс ұйымдастырылып, білікті педагогтер өз ізбасарларының ыстық ықыласты алғысына бөленді.
Осындай мазмұндағы мерекелердің бала тәрбиесінде үлкен рөл атқаратынына сенімдіміз. «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтайық. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасауға құштар болып тұратынын еш уақытта естен шығармайық.    

А.СЕКСЕНАЛИНА,
«Ертөстік» балабақшасының
 әдіскері.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 291
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1087
count 88x31px