Рухты әндер шырқалды - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 09.12.2016


Рухты әндер шырқалды
Жуырда Қарағандыдағы №18 орта мектепте Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылуына 27 жыл толуына орай, «Туған елім» атты әскери-патриоттық әндер байқауы өтті.
Аға тәлімгер Гүлжанат Шұңғылтаева ұйытқы болған байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді ояту болды.
Салтанатты кешке құрметті қонақ ретінде ҚР Ұлттық Ұлан «Орталық» өңірлік қолбасшылығына қарасты 52859 әскери бөлімінің құтқару бөлімшесінің командирі, сержант Мақсат Балжанов пен бөлімше сарбаздары шақырылды.
Байқауға 1-9 сынып оқушылары белсене қатысып, өнерлерін көрсетті. Жүлдегерлер мақтау қағаздарымен марапатталып, Алғыс хаттарға  ие болды.

Гүлмира СӘТМОЛДИНА,
№18 орта мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 283
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1093
count 88x31px