Сөз мәйегі – ауыз әдебиетінде - Білім - Басты бет - Орталық Қазақстан

Тіркелу

Ауа-райы

Валют бағамы

Еңгізілген: 05.12.2016


Сөз мәйегі – ауыз әдебиетінде
Өткен аптада Қарағандыдағы №54 орта мектепте орыс тілінде білім беретін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында «Халық ауыз әдебиеті әлеміне саяхат» атты дәстүрлі байқау өтті.
Былтырдан бері бастау алған сайысқа қатысқан он жеті үміткер өзара мықтыны анықтады. Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Панаш Секенқызы мен қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлзат Аймағанбетова сәттілік тіледі.
Бес кезеңнең тұратын байқауға ұстаздар тыңғылықты дайындықпен келіпті.  «Сәлемдесу немесе таныстыру» кезеңінде үміткерлер өздерін қара сөздермен, өлең жолдарымен таныстырып, көпшілікті таңдай қақтырса, екінші кезеңде жырлардан берілген үзіндіні қай жырдан екенін тауып, мысал келтірді. Үшінші және төртінші кезеңдерде жаңылмай жаңылтпаш айтып, жүргізуші оқыған мақал-мәтелдің жалғасын тапты. Соңғы айналымда қазақтың көне бұйымдарын әкеліп, жақсыдан қалған жәдігердің қыр-сырымен таныстырды.
Сонымен, жүзден жүйрік шыққан үздіктердің есімі белгілі болды. Әділ қазылар алқасы бір ауыздан І орынды №101 мектептің ұстазы Дамира Түсіпбаеваға берді. ІІ орын №54 мектептің ұстазы Азима Бекежанова мен №8 мектептің мұғалімі Мартбек Күзембаевқа бұйырды. ІІІ орынды №93 мектеп-гимназиясынан келген Асылбек Сүлейменов, №97 мектептің ұстазы Фариза Коканова және №16 мектеп мұғалімі Жұлдыз Жақыпбай еншіледі. Басқа да қатысушылар қалалық білім бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Жүлделі болған сайыскерлер қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өткізетін сайысқа жолдама алды.

Қайрат ИМАНБЕКОВ,
№54 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

 Пікірлер: 0
 Оқылған: 239
Барлық пікірлер: 0
Пікірді тек тіркелеген қоладанушылар қоса алады.
[ Тіркелу | Кіру ]

Күнтізбе

Сауалнама

Сіз газеттерді оқисыз ба?
Всего ответов: 1089
count 88x31px